Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары
Пән мұғалімі Сыдықбекова Т. Н.

Тақырыптар:
§5. 1. Металдар және бейметалдар.
§5. 2. Негізгі және қосымша топша металдары.
§5. 3. Металдардың құрылысы және физикалық қасиеттері.
§5. 4. Металдардың химиялық қасиеттері.
§5. 5. Электролиз.
§5. 6. Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары. №5 «Мыстың активті металдар қатысындағы электрохимиялық коррозиясы
Металдар тақырыбын қайталау. Лабораториялық тәжірибе №6 «Металдардың химиялық белсенділігін салыстыру»


Сабақтан үзінді
§5. 1. Металдар және бейметалдар.
Білімділік мақсаты:
Металдардың, бейметалдар атомының жалпы қасиеттері туралы білімді жетілдіру;

Металдардың, бейметалдар атомының атом құрылысының айырмашылығын түсіндіре білу білім - білік дағдыларын жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі: аралас
Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің түсіндіруі, жаттығулар орындау фронталды әңгімелесу. 10ЕТЖ - 1
Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта, ХЭПЖ, металл үлгілері, хабарлама
Ұйымдастыру кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.
• Мына ұғымдарға анықтама беріңдер: жүйе, гомогенді, гетерогенді жүйе, лимитттеуші саты, фаза,, ферменттер, ингибитор, катализатор.
• Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?
• Химиялық реакцияның тепе - теңдігіне қандай факторлар әсер етеді?
• Есепті шығарыңдар:
Қысым мен температураны жоғарылатқанда тепе - теңдік қай бағытқа ығысады:

Жаңа сабақ түсіндіру
Кітаппан өз бетінше жұмыс - параграф 5. 1оқу.
2. 1 - 3 жаттығуды орындау. 119бет:
№1
Металдардың сыртқы энергиялық деңгейінде 1 - ден 3 - ке дейін электрон болады, олар периодтың басында және ортасында орналасқан, сондықтан олардың атом радиустары салыстырмалы түрде үлкен болады. Бейметалдардың сыртқы энергиялық деңгейінде 3 - тен 7 - ге дейін электрон болады. Атомдарда сыртқы электрондық қабат саны неғұрлым көп болса, соғұрлым атом радиусі кіші болып, бейметалдық қасиеті айқын байқалады. Ең белсенді бейметалдар: галогендер және оттек. Периодтарда солдан оңға қарай металдық қасиет әлсіреп, бейметалдық қасиет артады.

Бұл хлор, типтік галоген
Жер бетінде металдар 10 мың жылдан аса қолданылды. Ғалымдардың еңбегінің арқасында 80 металға жуық ашылып, зерттелді. Егер де металдар болмаса, техниканың дамуы қазіргі заманға сай жетілмеген болар еді. Адам өмірі металдармен тікелей байланысты. Тірі ағзада 10ғ - ға жуық элемент болады. Олардың мөлшері өте аз болады, бірақ жетіспеушілігі әртүрлі ауруларға әкеліп соқтырады. Темір, магний, мыс, кобальт, цинк, молибден, натрий, калий, кальций. Металдардың сыртқы энергиялық деңгейінде 1 - ден 3 - ке дейін электрон болады:

§5.1, 5.2, 5.3, 5.4, 5.5, 5.6 жүктеу

Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама