Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Химиядан сарамандық жұмыс
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде химия - эксперименттік ғылым. Сондықтан, мектеп қабырғасынан оқушыны техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, қарапайым тәжірибелер жасауға үйрету, лабораториялық құрал - жабдықтарды қолдана білу икемділігін қалыптастыру - жалпы орта білім беретін мектептерде химияны оқыту үрдісінде оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың бір бөлігі болып табылады. Осы талаптарды жүзеге асыруда химия сабақтарында сарамандық және зертханалық жұмыстарды әр оқушы өзі жеке орындап, мәнін түсіндіре алатын деңгейде жүйелі, әрі тиімді етіп ұйымдастырудың маңызы зор. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, білімді, жүйелі де түсінікті жолмен берудің негізгі оқу - тәрбие үрдісін технологияландыруда жатыр.

Өз тәжірибемде бірнеше жылдар бойы модульдік оқыту технологиясын пайдаланып жүрмін. Төменде 9 - сынып химиясының «Электролиттік диссоциация және электролиттер қасиеттері» тарауы бойынша құрылған 10 сағаттық модульдің сөйлесу бөліміндегі сарамандық жұмысқа арнаған сабақ жоспарын әріптестер назарына ұсынып отырамын.

Сабақ тақырыбы: 1 - сарамандық жұмыс: «Электролиттік диссоциация және электролиттер қасиеттері» тақырыбы бойынша эксперименттік есептер шығару.
Сабақ мақсаты: 1. Оқушылардың «Электролиттік диссоциация және электролиттер қасиеттері» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін әс жүзінде бекіту, қауіпсіздік техника ережесін сақтай отырып, тәжірибе жасай білуге, эксперимент мәнін түсіндіре отырып, қорытынды жасауға үйрету.
2. Ион алмасу реакцияларының толық және қысқартылған иондық теңдеулерін сауатты жаза білу іскерліктерін дамыту, лабораториялық құрал жабдықтарды пайдалана білу икемділіктерін қалыптастыру.
3. білім алуға деген жауапкершілікке, кіші ұжымда жұмыс жасай білуге, ізгілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Химиялық заттармен жұмыс барысында экологиялық тәрбие беру.

Құрал жабдықтар: Сынауықтар, сынауық ұстағыштар мен қыздырғыштар сүзуге арналған құралдар: сүзгі, қағаз, құйғы, «Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың суда ерігіштігі» кестесі, «Қауіпсіздік техника ережесі» нұсқаулығы, тапсырмалар жазылған үлестірмелер, жұмыс істеу алгоритмі.
Қажетті заттар: Тұз, күкірт, азот қышқылдарының ерітінділері, натрий гидроксиді, калий карбонаты, күміс нитраты, натрий сульфаты, барий хлориді, мыс (ІІ) хлориді, кальций хлориді, темір (ІІІ) хлориді, кальций карбонаты (бор үгіндісі), лакмус ерітіндісі.

Сабақты ұйымдастыру формасы: жеке → жұптық → топтық (кіші ұжымда) схемасы бойынша жүргізілді. Сабақ барысында оқушылар алты - алтыдан топтарға (кіші ұжымға) бөлініп отырады. Ең алдымен қауіпсіздік техника ережесіне арналған 2 - 3 минуттық тест алынды. Тест қорытындысы бойынша бәріне дұрыс жауап берген оқушы топ үйлестірушісі болып тағайындалады. Әр топқа қауіпсіздік техника ережесі нұсқаулығы және әрбір оқушыға тапсырмалар жазылған үлестірмелермен қоса тапсырманы орындау алгоритмі таратылды. Тақтаға «Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың ерігіштігі» кестесі ілінді.

№1 тапсырма. Берілген заттар ерітінділерінің арасында реакция жүргізіңдер.
а) Натрий сульфаты мен барий хлориді
ә) Темір (ІІІ) хлориді мен натрий гидроксиді
б) Натрий гидроксиді мен азот қышқылы
в) Калий карбонаты мен тұз қышқылы
Бақылау нәтижесінде түсіндіріп, реакция теңдеулерін молекулалық, толық иондық және қысқартылған иондық түрде жазыңдар.

№ 1 алгоритм
Тапсырманы оқып шығып, ой елегінен өткіз.
Заттар арасында жүретін реакция теңдеулерін жаз.
«Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың ерігіштік» кестесін пайдаланып, болжам жаса.
Жұптасымен талдау жасап, бағытыңның дұрысын анықтап ал.
Топпен талдауға қатыс, өзгені тыңдап, өз жауабыңды дәлелде.
Қауіпсіздік техника ережесін ескере отырып, тәжірибе жаса.
Кестені толтырып, топ үйлестірушісіне тапсыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама