Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
И әрпінің жазылуы
2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «И» әрпінің жазылуы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: «И» әрпінің жазылуын ұғындыру, буын тақырыбымен байланыстыра түсіндіру, жаттығу жұмыстарын орындау.
ә) дамытушылығы: Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру, шығармашылық жұмыстар жүргізу.
б) тәрбиелігі: Сымбатты, шымыр, туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын жеке тұлғаны қазақтың салт - дәстүрін меңгерте отырып тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Ережелі плакаттар, сызбалар, суреттер, кесте.

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру.
- Қазір қай ай? (күз айы, рамазан айы, ораза айы)
- Ораза айы - қасиетті ай. Ораза айында адамдар құдайдан жақсылықтар тілейді, садақа береді. Бұл мұсылманның бес парызының бірі. Сондықтан бұл айда жақсылықты көбірек жасап, жамандықтан аулақ болу керек.
Балалар, өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берейік.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Сөйлем аяқталғанда соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
- Сөйлем неден құралады?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды кім атайды?

II. Жаңа сабақ: И әрпінің жазылуы. Сурет бойынша жұмыс.
1. Инелік, ай, жайма суреттері арқылы И, Й дыбыстарын шығарып алу.
2. И, Й дыбыстарының ережелерін оқып беру, түсіндіру.
3. Оқулықпен жұмыстар жүргізу

Тақтамен жұмыс.
73 - жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, И әрпінің астын сызу.
Тиін, инелік, сиыр, киік.

Сергіту сәті. Жаттығу гимнастика.
74 - жаттығу. Берілген сөздерді буынға бөліп, жиек сөзінің мағынасын түсіндіру.
а) жи - ыр - ма, жи - на - лыс, и - не, би - ші, си - рек.
ә) дәптердің жиегі – дәптердің шетіндегі қызыл сызық.
Жолдың жиегі – жол бойындағы ағаштар өсіп тұратын жер.

75 - жаттығу. (жазбаша) Өлеңді мәнерлеп оқыту. Екі сөйлемін жазғызу.
Жиен - ау,
- жиек қайда?
Шығармашылық тапсырма: «Ұйқасын тап» ойыны.
а) 12 ай өтті................. (Жаңа жыл жетті).
Пирамида салар......... (Оны таспен қалар).
Бәтеңкеңді ал да........ (қара майға майла).
ә) А
И Й
Т С
Ай, сай, ти, ит, тай.
76 - жаттығу (жазбаша). Берілген сөздерден сөйлем құраңдар.
Биік, тәрбиеші, қиық.
77 - жаттығу (жазбаша).
Иір мүйіз сөзіне түсінік беру.

78 - жаттығу (жазбаша). Тиын, тиін сөздеріне түсінік беру.
Тиын – ұсақ ақша.
Тиін - орман жануары
III. Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасы
Біз бүгін сабақта не білдік?
И дыбысы қандай дыбыс?
Й дыбысы қандай дыбыс? Топтастырып көрейік.
Сөз басында
Дауысты созылып айтылады
Сөз соңында
Дауыссыз дауыстыдан кейін келеді

IV. Оқушыларды, топты бағалау.
V. Үйге тапсырма. 79 - жаттығу, ережені жаттау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама