Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Я дыбысы және әрпі
Я дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: баларларға я дыбысының айтылуы мен әрпі, сөздегі орнын тапқызы отырып таныстыру. Ойын ойнату арқылы, қызығушылықтарын арттыру.
Жұмбақ жасыру арқылы тілдерін дамытып, ойлау қабілетін, іскерлік дағдысын дамыту арқылы ойларын жеткізе білуге үйрету. Жазуға қолын жаттықтыру.
Әдісі: ой қозғау, кубизм, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Түрі: ойын сабақ.
Көрнекіліктері: текше, тақия, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Қонақтармен амандасу.
Топқа бөлу: 1) жұлдызша
2) күн шуақ
Наурызгул келеді
Балалармен амандасады: балалар мен көктеммен бірге сендерге келіп қалдым. Мен жай келген жоқпын сендерге сұрақ, тапсырма алып келдим. Кім менің сұрағмы жақсы жауап берсе, соған көктемнің алғашқы гүлін сыйлаймын. Қоржындағы қағазға жазылған сұрақтарын алғызып, оны оқиды.
- Г дыбысы қандай дыбыс?
- Г әрпі бар сөз айтып, сөйлем құра
- Г әрпі бар адам аттарын ата
- Гүл сөзіне дыбыстық талдау жаса
Наурызгүл жақсы жауап берген балаларға гүлдерін үйлестіріп, қоштасып кетіп қалады
Жұмбақ жасыру арқылы «Тақия» сөзін алып шығару.
Өзі қу, жүрген жері айқай да шу. (түлкі)
Қыс бойында жатады
Тәтті ұйқыға батады. (аю)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
Адамға серік
Күзетке серік. (ит)
Қоянда бар, түйеде жоқ
Шаянда барбар, шиеде жоқ
Бұл қай әріп? (Я)
Тақия сөзі шығады, оны өқыту. Тақия дегеніміз не?
Тақия – ол ұлттық бас киім. Ұлдардың, қыздардың тақиясын көрсету. Тақия сөзіне дыбыстық талдау жасату. Тақия сөзінің соңында қандай әрпі жазылып тұр? Я
Балалар, бүгін біздер жаңа дыбыс, әріппен таныс боламыз. Қане, бәріміз Я дыбысын көрейік.
- Қандай дыбыстар естіліп тұр?(йа)
- Олай болса, балалар, я дыбысы – қөосарлы дыбыс й және а дыбыстарының қосарлануы арқылы естіліп тұр, бірақ жазуда я әрпін пайдаланамыз.
Я дыбысы – дауысты дыбыс. Сөздердің басында, ортасында, соңында кездеседі. Тақтаға Я әрпінің баспа, жазба түрін көрсету. Ауада жазу.
Дәптермен жұмыс. Дәптердегі буын, сөздерді оқыту.

Сергіту сәті.
Ойын: «Тақия тастамақ».
Дәптердегі я әрпін жазу. «Кубизм»стратегиясы.
Текше қырларындағы сурет бойынша тапсырмаларды орындау
- Қияр - сөйлем құра
- Пияз - буынға бөл
- Қоян - сөйлем құра
- Ұл - тақпақ айт
- Шаян - сөйлем құра
- Тақия - буынға бөл

Қортынды: Жазу жаздық, ойнадық. Жауап бердік қызыға.
- Сонымен сабақта нені оқып үйрендік?
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Я қандай дыбыс?
Екі топтан жақсы саббаққа қатысқандары үшін «Білімді болыңдар!»деген жазуы бар эмблема беріледі.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама