Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Игілікті істер
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Өзін - өзі тану»
Тақырып: «Игілікті істер»
Құндылық: Дұрыс іс - әрекет
Қасиеттер: Жақсылық, қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік.
Ресурстар: бөлменің оқу іс - әрекетіне сай безендірілуі, интерактивті тақта, жүрекшелер, сиқырлы таяқша.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерінің мақсаты: Балалардың бойындағы дұрыс іс - әрекет құндылығын дамыту.

Міндеттері:
Қоршаған ортаны жағымды жермен қабылдай білу әдетін қалыптастыру,
- Балалардың бойында бауырлары мен жақындарына мейірімді қамқор қарым - қатынас жасау дағдыларын дамыту.
- Балаларға адамдардың игі іс - әрекеті адамгершілік құнды қасиеттердің бірі екенін түсіндіру арқылы балалардың бойына жалпы адамгершілік құндылықтарды сіңіру, игілікті істер жасау арқылы өзіне және өзге адамдарға қуаныш әкелуі деген ынтасын арттыру.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбері:
Бүгінгі күн біз үшін ерекше сияқты. Өйткені бізге көп қонақтар келіпті. Балалар «өзін - өзі тану» әлемінде адамдар бір - біріне жақсы, жағымды сөздер мейірімді тілектерді шеңберде тұрып айтқанды не себепті жақсы көреді деп ойлайсыңдар?
- Өйткені шеңберде бұрыш болмайды, сондықтан жақсы тілектер өздерін күтуші барлық адамдарға келеді.
- Балалар, менде сендерді шын көңілмен шаттық шеңберіне шақырамын. Мен өзімнің сиқырлы таяқшам арқылы сендерге тілегімді бірінші айтайыншы:
- Мен бәрімізге денсаулық тілеймін.
Қуаныш, Бақыт, Достық, Жақсы күн, Мейірім, Жақсы көңіл күй, Аманшылық, Сұлулық, Жақсылық, Бірлік, Шаттық. (барлығы бірге)
Жақсы сөздер айтамыз,
Шаршамаймыз қайта біз.
- Жарайсыңдар балалар біз сондай жақсы сөздер, жылы - жылы лебіздер естідік. Олардың бәрі орындалады, өйткені сендер оны шын жүректеріңмен айттыңдар. Енді орнымызға жайлап жайғасып отырайық.

Дәйек сөз:
- Дұрыс балалар, біз бүгінгі оқу іс - әрекетімізде де жақсы игілікті істер туралы ой бөлісеміз. Игілікті істер дегеніміз бұл біздің біреуге жақсылық, қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік жасауымыз үлкенге, достарымызға, кішкентай бөпелерімізге көмектесуіміз - яғни бөгде адамдарға жасаған жақсылықтарымыздың барлығы игілікті істер деп аталады.
- Дұрыс балалар, біз бүгінгі оқу іс - әрекетімізде де жақсы игілікті істер туралы ой бөлісеміз. Игілікті істер дегеніміз бұл біздің біреуге жақсылық, қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік жасауымыз үлкенге, достарымызға, кішкентай бөпелерімізге көмектесуіміз - яғни бөгде адамдарға жасаған жақсылықтарымыздың барлығы игілікті істер деп аталады.
- Енді балалар, мен сендерге игілікті істердің бірі мейірімділік дегеннің не екенін түсіну үшін «Мазасыз балапан» әңгімесі бойынша дайындалған қойылымды тамашалауға шақырамын.

Әңгіме:
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Бір күні ол анасынан «мейірімділік деген не?»- деп сұрайды. Сен әлі кішкентайсың, өскеннен кейін түсінесің – дейді анасы.
- Бірақ балапан мазасыз еді. Ол мейірімділіктің не екенін тезірек білгісі кеп, жолға шығады. Жолда келе жатып жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып беруге көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»- дейді. Мен мейірімділік дегеннің не екенін білуім керек – дейді де ұшып кетеді. Алдынан бір қыз кездеседі, ол ағашқа ілініп қалған шарын ала алмай жүр екен. «Балапан, балапан маған шарды алуға көмектесші»- дейді. «Менде уақыт жоқ мейірімділік дегеннің не екенін білуім керек»,- дейді
- Бірінші сен шарды алып бер – дейді қыз.
Балапан ұшып барып шарды алып береді. «Мінекей сен қайырымды іс істедің, мейірімділік деген осы» - дейді.
«Қандай оп - оңай» - деп таң қалады балапан.
- Міне осылайша мазасыз балапан мейірімділік не екенін түсінген екен.

1. Бұл көрсетілімде алдымен балапанға кім кездеседі?
2. Балапан ешкіге көмектесті ме?
Оған кездесті?. Мен білемін, маған күнде анам қайырымды іс туралы әңгіме айтып береді дейді.
3. Маған да айтшы - деді балапан.
4. Балапан қызға көмектесті ме?
5. Қыз балапанға мейірімділікті қалай түсіндірді?
Мінекей, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы деді. Ия, балалар, қарапайым нәрсемен де біреуге мейірімділік жасауға болады екен.
Ал олай болса, бір сәт көзімді жұмып біз кішкентай адамдар біреу үшін қандай игі істер істей алатынымызды ойланып көрейікші.
- Қане, көзімізді ашып, өзіміздің ойларымыз туралы ой бөлісетін уақыт болды. Айта қойыңдаршы, сендер кішкентай болсаңдар да қандай игілікті істерді істеп үлгересіңдер?
- Қандай тамаша! Сендер кішкентай болсаңдар да қаншалықты игілікті істер жасадыңдар.

Шығармашылық
Ал енді мен сендерге бір тапсырма бергім келіп тұр. Сендер біреуге жақсылық жасау арқылы қандай сезімде боласыңдар. Сол кездегі көңіл - күйлеріңді алдарыңдағы жүрекше арқылы білдіріңдер.
- Сенің көңіл - күйің қандай болады?
- Дұрыс балалар өздерің жасаған жақсылық өзің үшін де, өзге үшін де қуаныш әкеледі.
- Рахмет, балалар, тапсырманы барлығың да жақсы орындадыңдар.
Ал енді орындарыңнан тұра қойыңдар. Алақандарыңды жоғары ұстап, қолдарыңды алға соз.
- Саусақтарыңды біріктіріп құс сияқты етіп жаса, қолыңда еш нәрсеге дәрменсіз кішкентай құс бар деп елестетші. Кішкентай құс өте тоңып қалыпты, деміңді оған үрле, оны жылыт, жай ғана терең дем алып, алақандарыңды кеудеңе жақындатып ұста, өзіңнің жүрегіңнің жылуын панасыз дәрменсіз құсқа бере біліңдер.
Ал енді алақаныңды ашшы, кішкентай құстың саған күлімдей қарап қуанышпен ұшып бара жатқанын көресің. Сен де оған қарап күлімдеп, ол саған қайта оралады.
Ал енді мен өздеріңді қызықты ойынға шақырамын.

Ойын: «Игілікті істер» деп аталады.
Мына үстел үстіндегі жүрек бірнеше пішіндерге қиылып бөлінген. Әрбір ойынға қатысушы бала адамның игі істері туралы сөздерді айта отырып, соңынан осы бөлек пішіндерден бір бүтін жүрек құрастырады. Қанекей, балалар, ойынды бастайық.
Жақсылық, қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік, көмектесу.
Жарайсыңдар, қандай әдемі, мейірімді, қайырымды жүрек құрастырдыңдар. Сендердің жүректеріңде осындай жақсылық қасиеттер табыла берсін.
Ал енді балалар біз өзіміздің қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, дүрсіліне құлақ салайықшы. Жүрегіміз бізге не дейді екен?
Қамқоршы, мейірімді бол - дейді.
Ия, балалар, ол сендерге жақсы адам әрқашан туыстарымен, жақындарына қамқоршы, мейірімді болатынын түсіндіреді.

Топпен ән айту:
Жай әуен қойып, «Игілікті істер» өлеңін айту.
Мен бәріңе әрқашан көмектесуге дайынмын.
Осындай іс болғанда мен әрқашан ия, ия, ия деймін.
Үлкендерді сыйлаймыз ба?
- Иә!
Ағаш отырғызамыз ба?
- Иә!
Анамызға көмектесеміз бе?
- Иә!
Інімізді киіндіреміз бе?
- Иә!
Досты құрметтейміз бе?
- Иә!
Иә, иә, иә, - деген адамға әрқашан қайырымды боламыз ба?
- Иә!
Соңғы тыныштық сәті:
Баяу музыка қойып, денелерді бос ұстап, бастарыңды көтеріп, көздеріңді жұмыңдар. Бүгінгі оқу іс - әрекетімізде айтылған жақсы қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп сақтайық. Енді жайлап көздеріңді ашыңдар. Оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Бүгінгі күн сендерге қуаныш әкелсін!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама