Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Имандылық туралы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушы бойына тазалық пен әдепті сіңіру, эстетика - этика, психология мен имандылық, сенім мен төзім арқылы бала зердесіне ғибрат ету;
2. Баланың бойында үнемі тазалық пен әдеп дағдыларын дамытып отыру;
3. Болашақ ұрпақты иманды етіп тәрбиелеу.
Әдісі: эвристикалық, проблемалық
Көрнекіліктер: таблица, суреттер
САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Психологиялық дайындық.
Күннің сәулесі ананың нәзік алақанындай екенін білесіңдер, аялайды, жылытады. Олай болса, қолымызды созып, күннен жылу алайық.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламыз
Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда мына жан - жағым. Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен бір - бірімізбен амандасайық. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Рахмет.

ІІ. Оқушылар білімін жан – жақты тексеру.
- Ғибрат деген не?
Ата - баба салт дәстүрін үйрену. Ырым - тыйымдар меңгеру. Имандылықты үйрену.
- Иманды адам қандай мақсатқа жетеді?
1. Өзі иманды адам басқаға жамандық жасамайды.
2. Иманды пенде шыққан түбін біледі, яғни Алланың жаратқанын біледі. Ол өзінің ұстазын да, ата - анасын да, жүрген ортасын да сыйлайды. Сыйлы да болады.
3. Ондай пенде екіжүзді адам болмайды. Жалған сөйлеу және жалған ант екіжүзділіктің нәтижесі деуге болады.
4. Қоғамға, Отанға пайдалы, білімді бала боламыз.
5. Мұндай балалардан келешекте халыққа пайдалы адам шығады.
6. Осы айтылғандарды меңгерген бала ұлық болады, бірақ кішік. Мансапқор болмайды.

ІІІ. Оқушыны білімді, саналы меңгеруге дайындау.
Балалар алдымен бір жақсылықты кімге жасау керек?
- Өзіме;
- Үй – ішіме;
- Туған - туыс, көршіме;
- Көшеге, туған ауылыма;
- Отаным Қазақстанға, яғни оның табиғатын қорғауға, шекарасын қорғауға;
Дұрыс – ақ. Олай болса, қолымыздағы 5 саусақты салалап көрелік.
1. Жан. 2. Тән. 3. Рух. 4. Ақыл. 5. Көңіл.

ІV. Жаңа сабақ. Бүгінгі біздің сабағымызда жан мен тәнге қажет тазалық және әдепке тоқталамыз.
ТАЗАЛЫҚ
Ішкі жан
Сыртқы тән
иман
әдеп (жақсылыққа тәрбиелеу) Әдепті бала болу үшін не істеу керек?
1. Тазалықты үйрену.
2. Иманды болу.
3. Қайырымды болу.

V. Сұрақ – жауап.
1. Тазалық деген не?
Тазалық дегеніміз адам өз денесін, киген киімін, жүрген жерін, отырған орнын таза ұстау. Иман деген не? Иман - сенім.
Неге сенеді?
1. Аллаға
2. Періштеге
3. Пайғамбарға
4. Құран - Кәрімге
5. Ақырет күннің бар екеніне
6. Өліп - тірілуге
7. Осының бәрі Алладан
Әдеп деген не?
Әдеп - деген тек жақсылыққа тәрбиелену.

VІ Ой шақыру.
Осы айтылғандарға діннің қатысы бар ма?
Имансыз деген дінсіз. Дінсіз деген өзіне – өзі сенбеген адамнан еш опа болмайды. Одан ұры да, қанішер жауыз да, адамға да, қоғамға да пайдасыз ұрпақ шығады.

Қорыту. Имандылық жолы, яғни имандылық тәрбиені тек діни қағидалар деп түсіну – қате. Ислам біздің тарихымызбен, наным - сенімімізбен, мәдениеттілік, әдебиет, ғылым, экономика, педагогика, дүние - танымдарымызбен тығыз бірлікте болады.
Исламдылық - жаманды ажырату, ойлаған мақсатын орындауды, ой - пиғыл тазалығымен болашаққа сену болып саналады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама