Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Инелік
Инелік
Дүниежүзіндегі жануар атаулының ең мешкейі қайсысы деп сұраса, арыстан немесе қасқыр дегің келеді. Ал біреулер ойланып тұрын: құс дейді, өйткені кейбір құстардың бір күннің ішінде қоректенетін насекомдарының салмағы өз салмағындай болады екен. Бірақ та дүниедегі ең мешкей - инелік екі сағатың ішінде 40 шақты шыбын маса немесе шіркейді жейді. Егер ол өзі арыстандай үлкен болса, тұтас бір сиырды бір-ақ жеп жүре берер еді. Мұндай мешкейлердің тамағы оңайлықпен тоя қоймайды. Шыбын дегеніңіз қара құрым болып қаптап жүрсе де, тамағын тойдыру үшін күйенте-инеліктің күні бойы шыбын-шіркей аулауына тура келеді. Міне енді орман-тоғайдағы жолдардың, алаңқайлардың үстінде ұшып жүрген инеліктің қаншама зиянды насекомды құртатынын көз алдарыңа елестетулеріңе болады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама