Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Информатика пәнінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді пайдалана отырып оқушылардың білім деңгейін көтеру
Информатика пәнінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді пайдалана отырып оқушылардың білім деңгейін көтеру

Қазақстан Республикасы Президентінің орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруына байланысты ақпараттандыру жүйесін білім саласында қолдану аясын кеңейту - қазіргі таңдағы үлкен проблемалардың бірі болып саналады.

Мемлекеттің күш қуаты–ең алдымен ғылымның, техниканың, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуіне қабілетті, өз ісіне шығармашылықпен қарайтын мамандарымен, азаматтарымен анықталады. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында болашақ жастарға, қоғам қойып отырған талаптарға сәйкес жан-жақты жетілген, үйлесімді болуды міндет етеді.

Бүгінгі басты бағыттардың бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы құзырлы оқушы даярлау. Ал, оның негізі–мектеп. Оларға тәлім–тәрбие берудің алғы шарты – дарын иелерін жастайынан таңдай білу. Олардың ерекше қабілеттерін жетілдіру және көрсету. Қазіргі кезде білім беру жүйесі моделін құрастыруға жаңа бағыттар мен көзқарастар іздестірілуде, оның мақсаты - бала дарындылығын ашу, дамыту барысында озық әдіс-тәсілдерді пайдалану.

Қазіргі уақытта оқушыларға сапалы білім беруде жаңа ақпараттық технологиялардың, оның ішінде мультимедиалық технологияларының атқаратын ролі ерекше. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін компьютердің мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттілігі туындап отыр.

Ақпараттық – тасымалдау істерін қамтамасыз ететін техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизімдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.

Менің алдыма қойған мақсатым: Білім беру үрдісінде ақпараттық–коммуникациялық технологияларды және есептегіш техникалар мен мультимедиалық құралдарды пайдаланып оқушылардың білім, икем-дағдыларын қалыптастыру, байқау қабілетін жетілдіру, оқуына талдау жасау, оқушының ғылыми ізденісіне жол ашу, белгілі бір мақсатқа бағытталған жұмыс нысанын анықтау.

Міндеттерім:
- Оқушының қазіргі қоғамның сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде компьютерлік құралдарды қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған оқушы қалыптастыру;
- Компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканың құралдарын пайдаланудағы білім-біліктерін, дағдыларын қалыптастыру;

- Ақыл-ой қабілетті ұшталған «Мен» жүйесі қалыптасқан, өзін-өзі басқара, бағалай алатын, ақпараттық – коммуникациялық технологияны жетік меңгерген жеке тұлға қалыптастыру;
- Бала бойындағы бейімділікті көре, болжай білу, әрі қарай дамытуға, олардың ерекше қабілеттерінің дәрежесін анықтап, олардың толық ашылуына жағдай жасау;
- Ақпараттық коммуникациялық технологиялар бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру.

Құралы: оқу, еңбек, әлеуметтік орта.
Әдісі: суреттеу–баяндау, сұрақ–жауап, түсіндірмелі–иллюстративтік, пікірлесу, әңгімелесу, проблемалық сұрақ, салыстыру, баяндау, тренинг

Жұмыс нәтижесі:
- Оқушылардың пәндер арасындағы байланыстарды толықтай сезінуіне жол ашады;
- Оқу үрдісінде мұғалімнің рөлі өзгереді. Ақпараттық-коммуникациялық технология оқушы мен ақпарат арасына байланыс орнатады;
- Ақпараттық – коммуникациялық технология білім алу мен күнделікті тұрмыста кездесетін мәселелерді шешуде қолдана білуді оқып үйренеді;
- Оқу үрдісінде мұғалімнің рөлі өзгереді;

- Ақпараттық-коммуникациялық технология оқушы мен ақпарат арасына байланыс орнатады;
- Ақпараттық – коммуникациялық технология білім алу мен күнделікті тұрмыста кездесетін мәселелерді шешуде қолдана білуді оқып үйренеді.

Оқушыларға берілетін білім мазмұны:
- Зерттеу әдісін таңдау;
- Процестің формалданған сүлбесін жасау.
Құрылымы:

Қорытынды
Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты, орта білімді ақпараттандыру жолына түсті. Бірыңғай білімдік-ақпараттық кеңістік қалыптасып келеді. Ал, білім беру саласын ақпараттандыру тек қана оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдістерін жетілдіріп, өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар бүкіл оқыту үрдісін басқарудың және бақылаудың жаңа әдістерінің пайда болуына жағдай жасайды.

Дұрыс іске қосып, пайдаланған жағдайда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндігі мол: мұғалімде де, оқушыда да тез іске қосатын мол оқу-әдістемелік материал жинақталады, оқу материалының қолдану тиімділігі арттырылады, жеке бағдарламалармен жұмыс істеуге мүмкіндік туады; мұғалім өзі немесе оқушылардың көмегімен оларға таратылатын дидактикалық материалды көбейтеді, дарынды оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, бақылауға мүмкіндік береді.

Оқушылар өтілетін оқу материалын мұқият оқып-зерттеп, іріктейді, проблемаларды анықтап, оқу міндеттерін тұжырымдап, оларды шешудің ең оңтайлы тәсілдерін қарастырады, оқушыларға бағыт беріліп, көмектесіп, сеніммен қараудың нәтижесінде өз беттерінше білім алуға ұмтылады, таңдалған оқыту формасы мен әдістері арқасында оқушылардың таным белсенділігі артады, оқушылардың жеке ерекшеліктері үнемі ескеріле отырып, сараланады, білімнің, біліктің қалыптасу дәрежесін үнемі бақыланып, әділ бағаланады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама