Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Инженерлік графиканың шығу тегі
Қызылорда облыстық білім басқармасы
И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі
Оқытушы: Менликулов Нур Машарапович
Мамандығы: «Сызуды оқыту негіздері»

Инженерлік графиканың шығу тегі немесе СЫЗУ ПӘНІН ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КӨРСЕТІЛІМДІ ҚОЛДАНЫЛУ ТИІМДІЛІГІ.

Білім жолы қиын да қасиетті жол. Бұл жолда тынымсыз еңбектеніп, ізденуден жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға жетуде. Осындай білімді ұстаздардан білім алған мыңдаған шәкірттер, қанаттары қатайып, еліміздің түкпір - түкпірінде білдей маман иесі болатыны сөзсіз.
«Шәкірт – ұстаз айнасы» дегендей болашақтың басшысы да, данасы да, ғалымы да, еңбекқор еңбекшісі де, кеншісі де ұстаздан тәлім алады. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды сондай ардақтауға міндеттіміз.
Иә, расында да ұстаз - мектептің бәйтерегі, айнасы. Мәртебелі мамандар да, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар болса, ол – ұстаз.

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет. Демократиялық даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстан екінші онжылдыққа қадам басты. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып, отандық білім беруді әлемдік деңгейге көтеру әрекеттері жасалуда.
«ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелуі сөзсіз» делінген елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында. Сапалы білім беру тікелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалімнің кәсіби деңгейін, біліктілігін арттыру, әдістемелік шеберлігін жетілдіру басты назарда болуы тиіс.
Педагогика ғылымының ең алғашқы басты қағидасы «Тұлға тұлғаны сомдайды» десек, оны «дамыған тұлға - дамыған тұлғаны сомдайды деп» өзгертуге болады.

Дамыған тұлғаны сомдау үшін, бірінші, мұғалімнің теориялық білімінің деңгейін көтеруі тиіс. Мұғалім білім беру парадигмасының түбегейлі өзгеруін, оқыту үрдісін - технологияландырудың заман талабы екенін, технологияландыру үрдісінің мән мағынасын ажырату қажеттілігін, интерактивті әдіс - тәсілдерді қолданудың пәрменді жолдарын оңтайлы зерделеуі, түсінуі қажет. Ата - бабадан қалған аманат – байтақ жеріміздегі қазба байлықтарды игеруде, еліміздегі халықаралық жəне қалааралық автомобиль жолдары мен жаңа қалалар салуда, ауыл шаруашылығын дамыту мен инженер – мамандар дайындауда инженерлік графика пəнінің маңызы үлкен. Көбіне студенттер сызба геометриясы секілді инженерлік оқу құралдарын оқығанда, алдымен тақырыпты суретіне қарап түсінеді. Сызбаны сызу жолдары дүние жүзіндегі елдердің барлығына бірдей ортақ болғандықтан, мектеп қабырғасында өтетін сызу пəні халықаралық, интернационалдық техника тілі болып табылады. Себебі, сызбаны орындау кезінде үлгі қалып (стандарт) бойынша белгілі тоғыз сызық түрі қолданылады. Француздың атақты ғалымы жəне мемлекет қайраткері Гаспар Монж (1746 – 1818) өзіне дейінгі кескіндерді салу туралы мағлұматтарды жинақтап, белгілі бір жүйеге келтіре отырып, алғаш рет 1795 жылы «Сызба геометрия»атты еңбегін жазып шықты. Міне, осы уақыттан бастап сызба геометрия жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Жоғарыда айтып кеткендей, егер сызбатехника тілі болса, онда сызба геометрия осы тілдің грамматикасы болып табылады. Біздің дəуірімізге дейін өмір сүрген Эсхилдің (б. д. д. 525 - 456 ж. ж.), Анаксагордың (б. д. д. 500 - 428 ж. ж.), Демокриттің (б. д. д. 460 - 380 ж. ж.), Евклидтың (б. д. д. III ғасыр) жəне Витрувийдің (б. д. д. I ғасыр) еңбектерінде сызба геометрия негіздері болған. Бұл саланың ғылым ретінде қалыптасуына орта ғасырда өмір сүрген бабаларымыз əл - Хорезми (780 - 850), əл - Фараби (870 - 950), əл - Бируни (973 - 1050), Насредин Тусидің еңбектерімен зерттеулері ұшан теңіз. Қайта өрлеу заманында өмір сүрген Леонардодо Винчидің (1455 - 1519), Декарттың (1596 - 1650) жəне Дезаргтың (1593 - 1662) жасаған теориялары сызба геометрияның жеке ғылым болып жетілуіне себепкер болған. Сызба геометрия пəні сызбаны қалай оңай жəне түсінікті салуға, сызбанысызудың əдістері, сызбаны қалай оқуға, сызба əдістерін пайдалана отырып, қандай есептер шығаруға болатыны т. б. секілді сұрақтар мен мəселелердің шешілу жолдарын қарастырады. Сонымен қатар, сызба геометрия сызбаны салу мен ол туралы білімді жəне сызбалардың көмегімен инженерлік есептерді шешу теориясын меңгертетін пəн болып саналады. Сызба геометрия төмендегідей бөлімдерден тұрады: проекциялау əдіс тері; аксонометриялық проекциялар; нүкте мен түзу сызық проекциялары; қисықсызық пен жазықтық проекциялары; беттер проекциялары; тұрғылықты (позициялық) жəне өлшем (метрикалық) есептері; сызбаны түрлендіру тəсілдері; көлеңкелер. Осы бөлімдерді толық меңгерген студент өзінің ойлау қабілетін өрістете отырып, кеңістікте орналасқан нəрселердің кескіндерін салу, сызбадағы кескіндер арқылы жаңа бір нəрсені құрастыру жəне сызбадағы түрлі есептерді шығару мəселелерінен мол мағлұмат алады. Қазіргі инженерлік графика пəні – жоғарыда аталған сызба геометрия пəнімен машина жасау және құрылыс сызбаларының теорияларын зерттейтін ғылым. Инженерлік графика теорияларының жетістіктері техника мен ғылымның əртүрлі салаларында кеңінен қолданылуда. Сондықтан жер жұмыстарының сызбаларын сауатты орындау, инженерлік ғимараттарды жобалау және тұрғызу үшін, жер бетінде салынатын аса қажетті ғимараттарды сызбамен кескіндеу теориясының негіздерін инженер осы инженерлік графика теориясы арқылы біліп үйренеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама