Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Инновациялық технологиялар – сапалы білім кепілі
Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Тулеубаева Нағимаш Сайлаухановна

Инновациялық технологиялар – сапалы білім кепілі

Қазақстан Республикасының білім беру стратегиясындағы басты концепция – ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі мақсаты адамды ең негізгі құндылық ретінде мойындау және сол тұрғыда қалыптастыру, оның қоғамдағы орны мен роліне әлеуметтік жағдайына, мәдени – рухани дамуына ерекше мән беріп, сол арқылы оның рухани жан дүниесінің жетілуіне, әлеуметтік – саяси көзқарастарының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, әлеуметтік мәдениетінің, кәсі - іскерлігінің қалыптасуына жағдай туғызу. Яғни келешек маман білікті әрі білімді, ең алдымен рухани тұрғыда кемелденген, ұлттық діні мықты, әлеуметтік мәдениеті қалыптасқан, халық, ұлт алдындағы жауапкершілік сезімі жоғары дара тұлға болуы тиіс.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында болашақ, келесі ғасырда, жаңа мыңжылдыққа өткен құндылықтар туралы айтты: «Біз өзіміздің болашағымызды және жастарымызды қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз» Міне сондықтан еліміздің даму бағыты айқындалған уақытта білім берудің маңыздылығы мен оның мәнділігіне көңіл бөлініп, сапалы білімге қол жеткізуде нақты міндеттер қойылып, болашақтағы атқарылар іс – шаралар айшықтауы қажет. Білім беруді қоғамның әлеуметтік – эконималық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле - жара қарауға
болмайды.
«Инновация» - (латын тілінен алғанда - жаңа) аударғанда жаңалау, жаңа өзгеру - деген мағыналарды көрсетеді.
Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновациялық үрдісті мазмұнды дамыту, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс - тәсілі мен технологияларын қамтитын құбылысты айтады.

Ұстаз үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рол аткарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,- деген В. Сухомлинский сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Ұстаз баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды ойлайды, т. б таным әрекеттерін жасайды. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігімізге қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Яғни әр сабақты слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз.

Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғары технологиялардың, ғылым мен білімнің заманы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: « ғасырда білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ, тығырыққа тірелері анық» деген.
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда дамыған бәсекеге қабілетті елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп мектеп өміріне енуде жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы, білімі қажет.
Қазіргі мұғалім:
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Жаңаша педагогикалық технологияның ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту, инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу.
Бұрынғы оқушы:
Тыңдаушы
Орындаушы
Қазіргі оқушы:
өздігінен білім іздейтін,
жеке тұлға
өнертапқыш
дүниетанымы, қабілеті жоғары
талапты, ізденімпаз, өз алдына мақсат қоя біледі.
Оқушы өз процесінің басты өзегі, сондықтан назардың барлығы оқушының дамуына, оның ойлау қабілетіне аударылады. Мұғалім оқушыға білім беріп қана қоймай, оқушыны ізденіске сыни ойлауға, зерттеуге, өз бетінше білім алуға тартып, тұлға тәрбиелеу керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама