Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Интеллектуалдық олимпиада
Тақырыбы: «Интеллектуалдық олимпиада»
Мақсаты: Оқушылардың ауызша, жазбаша, есептеу қабілеттерін ойын арқылы жеткізу.
Жоспары:
І - айналым: Сұрақтар (әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай)
ІІ - айналым: Тірек сөздермен жұмыс
ІІІ - айналым: Жауап кілттері берілген тапсырмалар.
ІV - айналым: Анаграмманы шешіп, артық сөзді алып тастау.
І – айналым: Сұрақтар (әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай)
● 1. жазықтықтағы өзара қиылыспайтын түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады.
● 2. У = ax + в сызықтық функция болып табылады.
● 3. Координат жазықтығындағы ОХ осі ордината деп аталады.
● 4. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180°- қа тең.
● 5. Шеңберді сызатын аспап циркуль деп аталады.
● 6. Бұрыш төбесінен шығатын және оны қақ бөлетін сәулені биссектриса дейміз.
● 7. Вертикаль бұрыштар тең болады.
● 8. Нөлден өзгеше санның нөл дәрежесі бірге тең.
● 9. Жазықтықтағы негізгі ұғымдар нүкте және түзу болып табылады.
● 10. (а – в ) (а + в ) = а2 – в2
● 11. Негіздері бірдей дәрежелерді көбейткенде дәреже көрсеткіштері қосылады.
ІІ – айналым:
6 сұрақ беріледі. Екі топ кезектесіп жауап береді. Жауап дұрыс болмаса 1 - көмек беріледі де алғашқы ұпайды 100 - ге кемітеді. Осылайша үш көмек беріледі.
Бастапқы ұпай: 500
1 - сұрақ. Бұл басындағы ескерткіш тақтаға шар және оған сырттай сызған цилиндр ойылып салынған. 200 жыл өткен соң осы сызба арқылы оның моласын тапқан. Бұл қай математик?
● 1 - көмек. Қылышын көтерген Рим жауынгеріне “Басымды шапсаң да сызбаларымды бұзба деп есептеулерімен айналысып отыра берген.
● 2 - көмек. “Эврика” сөзінің авторы.
● 3 - көмек. Ол кісінің есіміне байланысты физикалық заң бар? Жауабы: Архимед
2 - сұрақ. Діни тұрғыдағы сенімдерге байланысты “Шайтан саны” деп қандай санды есептеген.
● 1 - көмек. Кейбір елдерде бұл сан мен үйлерді, бөлмелерді, орындықтарды нөмірлемеген.
● 2 - көмек. Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Т. Бигелдинов өзінің ұшуын осы нөмірлі ұшақпен бастаған.
● 3 - көмек. Бұл санның квадраты 169 - ға тең. Жауабы: 13 саны
3 - сұрақ. Теріс сандар алғаш рет қай елде пайда болды?
● 1 - көмек. Ең алғаш қағазды ойлап тапқан мемлекет.
● 2 - көмек. “Аспан асты елі” атанған мемлекет.
● 3 - көмек. 28 - ші жазғы олимпиада ойыны өткен мемлекет.
Жауабы: Ежелгі Қытай
4 - сұрақ. Көптеген ерекше сандар ұлы математиканың есімдерімен аталады. Мысалы П саны Архимед саны е= 2, 71 саны Эйлер саны деп аталады. Ал Шахризада саны деп қандай санды айтады.
● 1 - көмек. Осы кейіпкерге байланысты ертегі бар және ол жөнінде фильм де түсірілген.
● 2 - көмек. Ертегінің атында “Күн” сөзінің антонимі кездеседі.
● 3 - көмек. Цифрларының қосымшасы 2 - ге тең, төрт таңбалы сан.
Жауабы: 1001 саны
5 - сұрақ. Осы күнгі геометриялық ілімдердің түп атасы болып табылатын “Бастамалар” еңбегінің авторы, геометрияның негізін салушы кім?
● 1 - көмек.
“Бастамалар” қағаз бен қалам жоқ кезде қаздың қауырсынымен папирус жолақтарына жазған.
● 2 - көмек. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІІІ ғасыр бұрын грек геометриясының алтын заманы деп аталған ғасырда өмір сүрген.
3 - көмек. Гректің ұлы математигі Афины қаласында туған, Платонның, Аристотельдің ықпалдары болған. Жауабы: Евклид.
6 - сұрақ: Әлемдік рекорд жасап “Гиннестер” кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ кім?
● 1 - көмек. 1994 ж. 135 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді.
● 2 - көмек. 1998 жылы орбитада 7 ай жүріп, 7 рет ашық аспан әлеміне шыққан.
● 3 - көмек. Ғарыш тұңғиығында 30 сағатын өткізген. Жауабы: Талғат Мұсабаев
ІІІ – айналым:
Сұрақтың жауабын табу үшін жауап кілттері беріледі. Топ ұпайды өздері таңдайды. Жауап дұрыс болмаса таңдаған ұпайлары шегеріледі.
● 1 - сұрақ. Математиканың тілі дегеніміз не?
Жауап кілті: S=Vt, a2 – в2 = (а - в) (а+в)...
● 2 - сұрақ. Бірін - бірі жеп қоятын сандар.
Жауап кілті: - 5+5 =0
● 3 - сұрақ. Мысыр елі қандай ғимараттарымен әйгілі.
Жауап кілті: үш бұрыш, хан шатыр.
● 4 - сұрақ. Алды - артымыз шексізде
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесіндінің
Шыққан тегін білесің бе?
Жауап кілті: Геометрияның негізгі ұғымы.
ІV – айналым:
Анагарамманы шешіп, артық сөзді алып таста.
● 1. пакіт
езтаг
артап
ранлуж
● 2. імліб
мылғы
апажу
ушоқы
Математикалық тәуелділікті тауып, жоқ санды жаз.
1) 1; 6; 12; 19;...
2) 1; 3; 7; 13; 21;...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама