Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет. (Н. Ә. Назарбаев)

Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Адамзат ХХІ - ғасыр есігін - әлемдік жаһандану дәуірінде, ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың өте жоғарғы деңгейде қарқын алып дамудың жағдайында ашты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы – «Әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру»- стратегиясының маңызы ерекше болса, биылғы - «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдаған жолдауында оқыту үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды – білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейтуге баса назар аударды. Бұл білім саласына көптеген жаңалықтар тасқынын әкелуде. Сонымен қатар әлемдік ақпараттық даму жүйесіне еркін енуге жол ашуда.

Ақпараттық – коммуникативтік технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделіп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама