Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Итмұрын қайнатпасы

Итмұрынның кепкен жемістері іріктелінеді. Тазаланып жуылып, ұсақтап туралады да үстіне қайнаған су құйылып, ыдыстың қақпағы жабылып, 10-12 сағат бойы тұндырылып қойылады. Содан соң сүзіледі. Тұнбаға қант қосып қыздырылады да желатин салынып, лимон қышқылы қосылады да, қайнатылып, 30-35 градусқа дейін салқындатылады. Қоспа біркелкі көпіршіген масса алынғанша шайқалады.

Дайын болған қайнатпа ыдыстарға құйылып, салқындатылады. Дастарқанға қойылар алдында оның үстіне қандай да болмасын жеміс шырынын құюға болады.

Бұған итмұрынның кептірілген

50 грамм жемісі
160 грамм құм шекер
1 грамм лимон қышқылы
30 грамм желатин
800 грамм су жұмсалады.

Оқуға кеңес береміз:

Барлық дертке дауа - итмұрын


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама