Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ю дыбысы мен әрпі
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: «Ю» дыбысы мен әрпі
Білімділік мақсаты: «Ю» дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету. Мәтін мен өлеңді оқыта отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: Жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың ой - өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, жүргізіп түсініп, мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға ұлттық тәрбие бере отырып, олардың қиялын қозғап, шығармашылығын қолдау, әсемдікке, әдемілікке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Топпен, жұппен жұмыс, ой қозғау
Көрнекілігі: Кеспе әліппе, ілмелі таблица, текшелер. мазмұнды
суреттер, үнтаспа.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылығын ояту.
Балалар, қазір мен бір жұмбақ айтамын, сол жұмбақтың шешуінде, сөздің соңында тұрған дыбыс бүгінгі танысатын жаңа дыбысымыз болады.
Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Ол не? (аю)
«Аю»дегенде сөздің соңында қандай дыбыс естіледі?
«Ю»дыбысы естіліп тұр.
Дұрыс. Ендеше бүгінгі танысатын дыбысымыз «Ю» дыбысы және әрпі екен.
Енді әріп таңбасына қараңдар. Әріп таңбасының баспа, жазба түрлерін көрсету, айтылу ерекшелігіне, жазылу элементтеріне мән беру. Ауызша оқығанда «Й+У» болып екі дыбыс естіледі, жазғанда «Ю» болып жазылатыны жайлы ескертіп айту.
Тақтаға ілінген ілмелі таблица арқылы сөздерді буынға бөлгізу, дыбыстық талдау жасату. Мазмұнды суреттер арқылы сөйлем құратып, сызбасын сызғызу. Неше сөзден құралған сөйлем екенін анықтату. Бағанда жазылған сөздерді оқып беріп, мағынасын түсіндіру. Оқушыларға жеке - жеке оқыту.

Мағынаны тану. Балалар, «Ою» деген не?
Ол не үшін керек?
Осы сұрақтарға жауап төңірегінде әр партадағы екі оқушы бір - біріне ою туралы білгендерін айтады, яғни жұппен жұмыс жүргізіледі.
Сонымен «ою» туралы не білеміз? (Оқушы жауаптары тыңдалады).
Ою - қазақ халқының ұлттық нақыштарының бірі. Оның көп түрлері бар. Ол әдемілік үшін қажет. Мысалы, менің әжемнің қамзолы бар. Оның оюлары әдемі. Ал менің атамның шапаны мен тақиясының оюлары жылтырақ. Біздің
Үйдегі кілемдер мен паластардың оюлары әртүрлі т. б.
Дұрыс, балалар! Барлықтарыңның да ойларың дұрыс. Енді «Ою» мәтінімен жұмыс жүргізейік.
Оқулықпен жұмыс. Алдымен өзім оқып беріп, мазмұнын түсіндіремін. Содан соң өздеріне оқытып, бір - екі баладан мазмұнын сұраймын.
Қызығушылығын ояту.
Енді «ою» сөзін естігенде ойларыңа не келеді, соның бәрін айта беріңдер. Мен жазып тұрайын.
Әже, ине, жіп, қайшы, оймақ, қамзол, шапан, тақия, кілем, палас.

«Әже» сөзі неліктен ойларыңа келді?
Себебі, оюды әжем ояды.
«Қайшы» сөзі ше?
Оюды қайшымен қияды.
«Оймақ» сөзі неліктен ойларыңа түсті?
Себебі, ине қолға кіріп кетпес үшін саусақтың ұшына оймақ киіп алады. т. с. с.
Дәптермен жұмыс.
Балалар, енді «Ю» әрпінің неше элементтен тұратынын санайық.
«Ю»әрпін тақтаға жазып көрсету. Ауада жазып, қолдарын жаттықтыру.
Енді асықпай, әдемілеп дәптерге жазайық. Ол үшін алдымен дәптерді сәл көлбеу қойып алыңдар, шынтақтарың партаның үстінде тұрсын. Жазу үлгісінде берілген «Ю» әрпінің таңбаларын жаздыру.

Сергіту сәтін өткізу.
Оқулықтағы «Жақсы көрем» өлеңі бойынша жұмыс жүргізу.
1. Өлеңді өзім оқып беремін, түсіндіремін.
2. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқытамын.
3. Өлеңнің мазмұны бойынша пікірталас жүргіземін.
4. Неліктен аталарыңды, әжелеріңді жақсы көресіңдер?- деген сұраққа жауап аламын.

Ой толғаныс.
Балалар, «ою» сөзіне бес жолды өлең құрастырайық.

1. Тақырыпты суреттейтін сөз. «Ою».
2. Екі сын есім. Әдемі, үлкен.
3. Іс - әрекетті көрсететін сөз. Ойды, жапсырды.
4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем. Әжем әдемі ою ойды.
5. Мағыналас сөз. Өрнек.
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма беру. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама