Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Зәмзәм су
Сабақтың тақырыбы: Зәмзәм
Сабақтың мақсаты: а) білімділік. Оқушыларды “Зәмзәм” әңгімесімен және оның тәрбиелік мәнімен таныстыру.
Ә) дамытушылық. Шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу.
Б) тәрбиелік. Адамгершілікке, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әдістері, «Әдебиет үйірмесі»
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, аудиожазба
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту (Ой шақыру)
ІІ. Мағынаны тану
ІІІ. Толғаныс
ІҮ. Үйге тапсырма.
Ү. Бағалау (эксперттік топ)
Оқушылар төрт топқа бөлінеді:
1. Тарихшылар
2. Әдебиетшілер
3. Тілшілер
4. Суретшілер

Сабақтың барысы:
І. Ой шақыру
(Аудиожазба орындалады. Сұрақтар қойылады)
1. Бұл қандай шығарма?
2. Бұл шығарма қалай пайда болған?
3. Оның тәрбиелік мәні қандай?

Үй тапсырмасын сұрау:
“Сымайыл” әңгімесін баяндау
Венн диаграммасы. Дәстүр мен дінді салыстыру
Мағынаны тану
(Өз сөзіңмен жалғастыр)
І. Ажар тағдырдың басқа салғанына көніп, тап болған тауқыметке көнді...(азық, сусын, ішегі шұрылдады, ерні кезерді, баласы шырылдап безек қақты, омырауына қысты, көз жасы көл болды )
ІІ. Сонан Ажар баласын жерге қойды да, су іздеп шықты...(Сафа тауы, Марва тауы, баланың жылауға шамасы келмеді, бала бір аяғымен жерді түртіп қалды, бұлақ ақты.)
ІІІ. Баласы екеуіне Алланың жасаған рақымы... маңдайынан тер шықты, баласына су берді, өзі суға қанды, серги бастады, су - зәмзәм, қажыға барушылар, көтергендерінше алып қайтады.
Толғаныс.
1. Тарихшылар – қосымша тарихи дерек дайындау;
2. Әдебиетшілер – діни әңгімелердің тілдік ерекшеліктеріне тоқталу;
3. Тілшілер – сұхбат алу;
4. Суретшілер – салған суреттерін түсіндіру;
Үйге тапсырма:
1. “Зәмзәм” әңгімесін оқу;
2. Діннің шығу тарихы туралы мәлімет жинау.
Бағалау
Эксперттік топтың сараптамасы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама