Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Заң бәрімізге ортақ
Армия генералы С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы
«Жас ұлан» республикалық мектебі
биология және химия пәнінің мұғалімі
Байтуова Тұрсынай Төлегетайқызы

«Заң бәрімізге ортақ»
Бүгінде білім беру жүйесі білім беру мекемелерінде жеке адам басқа адамдармен қауіпті жүйеленген азаматтық ережелерге сай әрекет жасауы тиіс. Басқаша айтқанда қалыптасқан нормалар мен ережелерді қадірлеу қалыптастырылады. Білім беру жүйесі кәсіби білім берудің ең басты құралы ретінде жүретінін ұмытпағанымыз абзал. Дәстүрлі қоғамда білім беру жекелей әсер ету арқылы ұстаздан оқушыға, үлкеннен кішіге өтіп отырса, ендігі қоғамда стандартты формада дамудың «Білімді оқушы», «Әдепті азамат», «Ерікті Қазақстанның ерікті азаматы», тағы сол сияқты әлеуметтік түрлері игерілуде.
Құқықты білмей, әлеуметтік мәнін түсінбей, оны құрметтеу мүмкін емес. Азаматтардың барлығы бірдей білімді алуы да мүмкін емес. Бірақ, әр азамат құқықтық қағидалар мен бала кезінен танысу керек.
Азаматтықтың негізі Қазақстанның Ата Заңының негізінде құқықтық міндеттер жүктеледі.
Азаматтың міндеті заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан - өзіне жүктелген міндетті орындау.
Азаматтық сананың белгілерін қарастырсақ:
• Құқықты білу
• Құқықты түсіну, құрметтеу
• Әділдікке сену
• Құқықты сақтауға дағдылану
• Азаматтық құқықтың талаптарын сақтауға дағдылану
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген, құқықтық
мемлекет құру ісі оқыту мен тәрбиені жетілдіру, халықтың барлық топтарын және ең алдымен оқушы жастарды қамтитын, оқытудың барлық кезеңінде үздіксіз құқықтық даярлау тұрғысында пәрменді шараларды талап етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы №2347 Қаулысына сай оқушы жастарды құқықтық оқыту тұжырымдамасы қабылданды.

Тұжырымдаманың мақсаты: Азаматтық құқықтық мәдениет негіздерін қалау. Яғни, болашағымызды зайырлы, құқықты мемлекет тағдырымен терең байланыстыру үшін ұлттық дәстүрлі ерекшелігімізді негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін жалпы білім беру мазмұнында қарастыру, талабын арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Құқықтық білім берудің мақсаты – бойында құқықтық мәдениеттілік пен заңды құрметтейтін азаматтарды қалыптастыру, соның негізінде жеке тұлғаның өз ерік – қайрат, жігері мен еркіндік ниетін дамыту, күнделікті қабылданған шешімі, әлеуметтік өмірде қалыптасатын әдеп, ереже, нұсқа бойынша іске асатын әрекет еркіндігінің көрінісін саналы сипатта дамыту. Алайда бүгінгі қоғамдық ортада өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыру ісі сырт қалып отыр. Осы себепке байланысты қоғамда криминогендік жағдай ушығып отыр.
Заңды білу, және оны құрметтеу, оны күнделікті өмірде орындау, жеткіншек жасындағы мектеп оқушыларының құқықтық тәрбиесі, олармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұндық ерекшелігіне ғана емес, сонымен бірге оны ұйымдастыру формасымен, әдіс – тәсілдеріне тікелей тәуелді болмақ. Жеткіншектің құқықтық тәрбиесін қалыптастыру үшін мектеп жеткіншектерінің құқықтық тәрбиенің нормалық мөлшерлерін анықтап, жалпы білім беретін орта мектептерде жеткіншектердің құқықтық тәрбиесін қалыптастыруды әдістемелік қамтамасыз ету керек.
 әрбір жеке тұлғаның заңды бұлжытпай орындап қана қоймай, әлеуметтік
демократиялық заңдылық, және құқық тәртібін сыйлау жолындағы мәдениеттілікті жоғары қою қабілетін жетілдіру;
 ата заңымыздағы басты қағида – адамның құқықтары мен міндеттерін
жетік білуі
 құқықтық тәрбиені күнделікті өмірдің құрамдас бөлігі ретінде қарау;
 заң нормаларын түсіндіру мақсатындағы ақпараттық әдістемелік көмек
көрсету;
 тәртіп бұзушылықпен, қылмысты жою және оның алдын алу мәселелерін
мектеппен бірігіп отырып шешу;
 мектеп жеткіншектерінің құқықтық білімдерін жетілдіру мақсатында
жалпы құқықтық білім беру;
Жеткіншектің мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Мектеп қабырғасында жеткіншек бойындағы адамгершілік дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, адалдығы мен шыншылдығы сияқты тұлғалық құндылықтары қалыптасады. Ал құқықтық білім беру жеткіншектің санасында Отанды сүю, өз елінің заңдарын құрметтеу, адамдар арасындағы сыйластық, ата – ананы ардақтау, әр адамның нәсілдік, жыныстық теңдігі, басқаның құқығына қол сұқпау сияқты қасиеттерді дарытады.
Құқықтың әкімшілік, тұрмыстық, отбасылық, мүліктік қатынасқа байланысты және т. б. түрлері бар. Мәселен, мектептерде құқықтық тәрбие жұмыстары шәкірттің өзіне - өзі қызмет құқығынан басталады. Құқықтық міндеттер сәлем беру, сәлемдесу, ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт болу, әдеппен сөйлеу арқылы олардың іс жүзінде орындалуы барысында ғана құқықтық сана қалыптасады.
Тұлғаны қалыптастыру үрдісінде құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын жоғарыда аталған міндеттер негізінде кешенді түрде шешіп, оларды талдап, жүйелі ұйымдастыру нәтижесінде ғана Қазақтан азаматтарының құқығы мен бостандығын қамтамасыз ете алатын білімді азаматтар кеңістігін құру мәселесінің қалыптасуы, сол арқылы бәсекеге қабілетті білімді жеке тұлғаны даярлау қажеттігі іс - шаралары жоғары дәрежеде жүзеге асуы мүмкіндігі де арта түседі.
Астана, 2016 оқу жылы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама