Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Сабақтың тақырыбы: Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Сабақтың мақсаты:
● Білімділік: Зәр шығару мүшелерінің құрылысын түсіндіре отырып, оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
● Тәрбиелік: Бүйректің құрылысы мен қызметін түсіндіре отырып, шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат қалыптастыру.
● Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, қабілетті дамыту, белсенділікті дамыту.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: “Алтын қақпа” ойыны
1 - кезең. “Тас қақпа ”
○ Энергетикалық алмасу дегеніміз не?
○ Катаболизм, диссимиляция қандай ұғым, бір - бірінен айырмашылығы бар ма?
○ Энергетикалық алмасу кезінде бөлінген энергия қайда кетеді?
2 - кезең. “Темір қақпа”
○ Ағза не себепті оқтын - оқтын тамақтанады?
○ Ересек адам тәулігіне орташа есеппен қанша энергия жұмсайды?
○ Энергетикалық алмасу неше кезеңнен тұрады?
3 - кезең.“Күміс қақпа”
○ Энергетикалық алмасудың дайындық кезеңі дегеніміз не?
○ Энергетикалық алмасудың оттексіз кезеңі дегеніміз не?
○ Энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі дегеніміз не?
4 - кезең. “Алтын қақпа”
● 1 гр. көмірсулар және нәруыздар ыдыраған кезде қанша энергия бөлінеді?
● 1гр. май ыдыраған кезде қанша энергия бөлінеді?
● Негізгі алмасу дегеніміз не?
● Жалпы алмасу дегеніміз не?
5 - кезең. “Алтын сандық”
Слайдтағы сызбанұсқа бойынша зат алмасу үдерісін түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақ “Білім ауылы”
Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын мүшелер
○ Бүйрек – су, тұздар, зат алмасудың қалдық өнімдері, бөгде заттар, улы заттар шығарылады.
○ Тері бездері – су, тұздар бөлінеді.
○ Өкпе – СО2, Н2О ұшқыш заттар(эфир, хлороформ) булары шығарылады
○ Тоқ ішек – өт пигменттері, ауыр металдардың тұздары (кальций) шығарылады.
Зәр шығару жүйесіне 2 бүйрек, 2 несепағар, қуық, зәр шығару өзегі жатады.
Бүйрек зәр шығару жүйесіндегі негізгі мүше.
Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі – нефрон.

1. Бүйректің ең негізгі қызметі – сүзгіштік
2. Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді
3. Бүйректе зәр (несеп) түзіледі
4. Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды
5. Су мен тұздың мөлшерін зерттейді
6. Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын зерттейді.
IV. Бекіту:“Жұмбақ тас”ауылы
1 - тапсырма. Зәр шығару жүйесі мүшелерін ата
2 - тапсырма. Сәйкестігін келтір.(Слайдта берілген сызбанұсқа бойынша тапсырманы орындау)
3 - тапсырма. Қандай сандармен көрсетілгенін белгіле(Слайд бойынша)
4 - тапсырма. Нұсқар арқылы дұрыс жауаптарды суретпен жалғап бүйрек қызметтерін таңда.
Үйге тапсырма:
Зәр шығару мүшелерінің құрылысы.
Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысын талдап, қорытынды жасау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама