Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Зат есім
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
«Сымбат» жеке мектебі І санатты мұғалім
Макуова Нуршат Аманкосовна

Қазақ тілі 3 сынып
Тақырыбы: Зат есім
Мақсаты: Білімділігі: Зат есім, олардың жазылу емлесі туралы 2-сыныпта өткен білімді еске түсіру және кеңейту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, жылы сезімдері тудыру, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Грамматикалық тапсырмалар арқылы сөздік қорларын, тілін, сауатты жазу, елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі:Сұрақ-жауап, әңгімелеу, қызығушылықты ояту, талдау, жинақтау.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, ереже жазылған плакат, интерактивті тақта.

І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып ұраны:
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
7-жаттығу. Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендіру.
1.Біз нені білеміз? Өткен тақырыпқа тоқталу
Сөз таптары туралы оқушылардан сұрау.
Әр сөз табының ережесіне тоқталу, 2-ші сыныптағы өтілген материалдарды еске түсіру.

2.Ойлан, тап:
3.Ойымызды жинақтайық:
Сөздер Дұрыс жауабы Сөз таптары
көйлек-----------Сын есім
оқыды----------Зат есім
бесінші ---------Етістік
суық--------------Зат есім
қар---------------Сан есім

ІІІ.Жаңа сабақ. Зат есім
1-жаттығу
Суреттерге қара. Суреттегі құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақ қоясың?
* Бұл не? Сөйлемде сұраулық мағына беріп тұрған сөз қайсы?
* Не? Сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді ата.
*Кім? Сұрағына қандай сөздер жауап береді?

Оқушылар 2-ші сыныпта өткен «Зат есім» туралы ережені еске түсіреді.
Ереже: Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: аспан, ұстаз, көйлектер, оқушылар.

ІҮ.Сергіту сәті

4. «Кім шапшаң? » ойыны.
2-жаттығу. Суретке қарап, зат есімдерді тауып айту.
- Тапқан зат есімдеріңе қойылатын сұрақтардың әр басқа екенін дәлелдеп көру.
Кім? -------- Не? ------------ Кімдер? ----------- Нелер?
бала --------қарбыз ------- балалар ------------ жемістер
қыз ----------кесе ---------- оқушылар --------- ыдыстар

5.Тақтамен жұмыс.
3-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.
Қыс. Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті. (Ж.Садықов)

* Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
* Зат есімдерге сұрақ қой.

6.Өз бетіндік жұмыс.
4- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, көшіріп жаз.
Төрт түлік: ..., ...
Аңдар: ..., ...
Құстар: ..., ...
Отбасы мүшелері: ..., ...

7.Кім зерек?
5-жаттығу. Оқы, әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай айтуға болатынын айт.
Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі -...
Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған -...
Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз -...
*Сөздерге сұрақ қой.

Ү.Сабақты бекіту.
Кім? кімдер? Не? Нелер?
ЗАТ ЕСІМ - Заттың атын білдіреді
Жалпы, жалқы
Негізгі, туынды
ҮІ.Үйге тапсырма:6-жаттығу, ереже жаттау.
ҮІІ.Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама