Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Зат есім "Қыс"
Сабақтың тақырыбы: Қыс.
Сабақтың мақсаты:
Зат есім бойынша алған білімдерін пысықтап, жалпы және жалқы зат есім туралы түсінік беру. Қыс туралы мәтінді оқу арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту.
Күтілетін нәтиже: сөйлеу арқылы өз ойын жеткізеді, мәтіннен зат есімді таба алады, жалпы және жалқы есімді ажырата алады. Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастыра алады.

Көрнекілігі: оқулық. тақта, жазу дәптері.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа тақырыпқа қызығушылығын арттыру
4. Жаңа тақырыпты меңгерту
5. Жаңа тақырыпты меңгергенін тексеру
6. Бекіту
7. Үй тапсырмасына түсінік беру
8. Оқушыларды бағалау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды белгілеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сөздік жұмысы. Сөздерді екі тілде жазып, баламасын табу.
Баламасын тап;
Айнала --------------- каждый
Жазықтар ---------- удивляешься
Сарқырап аққан бұлақ ----- дороги
Таңғаласың ------------- спешу увидеть
Әрбір --------------------------- пушистый
Ыстық әрі қымбат ------- кругом
Сені сағынамын ---------------- помогу процветанию
Көргенше асығамын ---- журчащие воды родника
Мамық ---------------------------- равнины
Көркейтуге көмектесемін --------- скучаю по тебе

2. «Туған жерімнің табиғаты» мәтінін мәнерлеп, нақышына келтіріп айту.
«Менің ауылымның табиғаты» оқушылар жазып келген шағын әңгімелерін оқиды

ІІІ. Қызығушылықты ояту
- Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
- Қыс дегенде көз алдарыңа нелер елестейді?
- Енді осы айтылғандардан кластер құрастырайық.
ҚЫС

1. Жұмбақ шешу:
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Балалар, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгерту
Мұғалім бүгінгі сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстырып өтеді.
1. Зат есім туралы түсінікті пысықтау.
Зат есім дегеніміз не?
Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Сабақта жалпы және жалқы есімдер туралы түсінік беру. (Слайд )

2. Сөздік жұмысы. Жаңа сөздермен танысу, сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру.
А) Жаңа сөздермен танысу
қыстыгүні - зимой
жиі - жиі – часто
аяз – мороз
бейнелеу - описывать
сырғанау - кататься
жайнау - расцветать
Б) Берілген жаңа сөздермен сөйлем құрастыру

3. «Қыс» мәтінімен жұмыс. Мәнерлеп оқу. Оқушылар мәтінді тізбекпен оқып, аударады.
Ү. Жаңа тақырыпты меңгергенін тексеру.
1.«Даналық ағашы» ойыны. Ойынның шарты: Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығады. Содан кейін әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Мұғалімнің қолындағы сандықшаға оқушылар өз сұрақтарын кезекпен салады. Мәтінді тағы бір рет оқып шығады. Әр оқушы сандықшадан бір сұрақты алып оқиды да, оған жауап береді. Ойынның соңында белсенді қатысқан, әрі дұрыс жауап берген оқушы атап өтіледі.

2 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, зат есімді табыңдар. Жалқы есімнің астын бір рет, жалпы есімнің астын екі рет сызыңдар.
1. Далада жапалақтап қар жауып тұр.
2. Тараз қаласында қатты суықтан сарқырама қатып қалыпты.
3. Балалар қардан аққала жасады.
4. Әсетке әжем шана сатып алып берді.
5. Балалар қыста Талас өзенінде конькимен сырғанайды

3 - тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.
1. Бір жылда........................................... бар.
2. Қыс............................. айынан басталады.
3. Бұл мезгілде...................... жауады.
4...................... ақ мамыққа оранады.
5. Өзен, көлдердің бетіне тұрған............ қалыңдайды.
6. Мұз айдындарында балалар........................... теуіп,................ сырғанайды.
7. Қыста.......................... қарсы аламыз.
8. Табиғат үшін Жаңа жыл....................................... басталады.

4 - тапсырма. Сөздерді мағыналарымен жұптастыр:
Төрт мезгілге ------ қарсы аламыз
желтоқсан -------- қалыңдайды
ең қысқа --------- киінеді
жиі - жиі -------- оранады
ақ мамыққа --------- бөлінеді
жылы -------- айы
мұз ----- күні
Жаңа жылды ----------- қар жауады

ҮІ. Бекіту.
1. Суретпен жұмыс. Оқушылар жалпы және жалқы есімдерді қолдана отырып 5 - 6 сөйлем құрайды.
2. Сөзжұмбақ
1. Внимание сөзінің қазақшасы (зейін)
2. Көктемнен кейін қандай мезгіл келеді? (жаз)
3. Бес әріптен тұратын кісінің аты (Бақыт)
4. Қыс мезгілінің алғашқы айы (желтоқсан)
5. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)
6. Аптадағы күн атауы (сенбі)
7. Дастархан басында қонақтың қолына берілетін зат.(майлық)
ҮІІ. Үй тапсырмасы. Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Қыс туралы мақал - мәтелдер тауып, жазып келу.
ҮІІІ. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама