Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Зат есімді қайталаймыз
Сабақ жоспары
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталаймыз
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Зат есім туралы өткен сыныпта алған білімдерін еске түсіру. Жаттығулар орындау барысында зат есімдерді тауып, туынды зат есімге айналдыра білуге үйрету.
ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлауын және сөйлеу тілін дамыту, ой - өрісін кеңейту.
б) тәрбиелік: Тапсырмаларды жылдам, шапшаң, қатесіз орындауға баулу. Көркем жазуға икемдеу, машықтандыру.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру, баяндау, ойын.
Сабақтың көрнекіліктері: кесте, ребус
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аударту.

Психологиялық дайындық
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

4 - жаттығудың орындалу барысын тексеру.
Қорыту сұрақтары:
Түбір дегеніміз не? Мысалдар келтір.
Қосымша дегеніміз не? Мысалдар келтір.
Қандай белгілермен белгіленеді?

III. Жаңа сабақ:
«Адасқан әріптер» ойыны.
з т а е м і с
Шарты: Көрсетілген белгілер арқылы әріптерден жаңа сөз құрау.

• Ал, балалар, зат есім туралы не білеміз? Еске түсіріп көрейікші.
1 - жаттығу. «Сарғайған жапырақтар» ойыны
Шарты: Жапырақ бейнесіне жазылған сөздерден зат есімдерді тауып, тақтаға жазу.
Орман, кітаптар, ожау, құстар

2 - жаттығу. Сөздерді үлгі бойынша кестеге жазу.
Қала, Қалибек, шыршалар, Гүлнұр, қалалар, гүлдер, шырша, Шынар, гүл.
Сергіту сәті:
Қане, қатар түзеліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Түп - түзу болып тұрайық.
Бірінші қатар жай отыр
Екінші қатар сен де отыр
Үшінші қатар тез отыр.

3 - жаттығу. Берілген сөздерден жұрнақ қосу арқылы туынды зат есім жаса.

Боксшы, теннисші, волейболшы, шахматшы, футболшы, хоккейші.

4 - жаттығу. Ребус шешу.
Сабақты бекіту:
«Бір сын есімге, көп зат есім» ойыны
қызық әдемі
«Жаңа зат есім» ойыны
«Қазақстан» сөзінен бірнеше зат есім жасау.
Үй тапсырмасы:
1) 5 - жаттығу.
2) Сенің сыныбыңда осындай есімді оқушы бар ма? Олардың жақсы қылықтары туралы әңгімеле.
Бағалау:
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бес балдық жүйе бойынша бағалау

Қызылорда қаласы «Парасат» мектебі
«Қазақ тілінен бастауыш білім беру» мұғалімі
Тоқшылықова Замира Ғалымжанқызы

Зат есімді қайталаймыз жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама