Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың зат есім жөніндегі өткен сабақтардағы алған білімдерін еске түсіру; тиянақтау; зат есімнің жекеше және көпше түрімен таныстыру.
ә) Дамытушылық: Балалардың сөз байлығын, сауаттылығын, зат есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан – жақты шығармашылық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулып, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, талдау, ойын, дамыта оқыту
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, жұмбақтар, мақал – мәтелдер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
- Балалар байқаймысыңдар бізге қонақтар келіп отыр. Кәне, бәріміз орнымыздан тұрып, бір – бірімізге жылуымызды беріп, қазақ халқының салты бойынша иіліп сәлем берейік.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар?
Сәлеметсіздер ме, күннің көзі, көк аспан?
Сәлеметсіз бе, мұғалім?
Сәлеметсіз бе, сен?
Сәлеметсіз бе, мен? – деп балалар хормен айтады.
Жақсы. Балалар көңіл күйлерің жақсы екен. Қазір Күн – ана, Жер – ана,
Су – ана сөздерінің мағынасына тоқталайық.
Күн ана - бүкіл тіршілікке жылу береді.
Жер ана – бүкіл тіршілікті нәрімен асырайды.
Су ана - жер жүзіне тіршілік нәрін сіңіріп, тірек болып тұрған – су.

Балалар!
Кәне, бері қараңдар,
Сабақты біз бастайық.
Үй жұмысын қиналмай,
Лезде айтып тастайық
Оқушылардан үй жұмысын тексеріп бағалау.
Қандай бөлімді өтіп жатырғанымызды еске түсірейік? - Сөз таптары.
Сөз таптары: 1. Зат есім2. Сын есім3. Сан есім4. Етістік
5. Есімдік6. Одағай7. Үстеу8. Шылау9. Еліктеуіш с/р.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
№99 орта мектебінің мұғалімі Ауықбасова Кенескүл

Зат есімнің жекеше және көпше түрі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама