Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Зат есімнің көпше жекеше түрі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің көпше жекеше түрі.
322 - 327 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Зат есімнің көпше жекеше түрімен таныстыру ажырата білуге үйрету, жаттығулар орындап машықтандыру.
2. Дамытушылық: Зат есімге көптік жалғауларды дұрыс жалғап қолдану, жазу, сөйлеу.
3. Тәрбиелік: Таза, сауатты жазуға үйрету, сұлулыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың әдісі: ішіне – сыртына топтастыру, ВЕНН диаграммасы, тірек сызба.
Сабақтың көрнекілігі: Сурет, таблица, тірек сызба, тест.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, Ана тілі.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2 мин. Сөзжұмбақ.
2. өткен сабақты пысықтау.
8 мин. Үй жұмысын тексеру. 319 - жаттығу. «Орамал тастамақ» ойыны.
3. Жаңа сабақ. Көркем жазу.
5 мин. 322 - 323 жаттығу. Көрнек пен жұмыс.
5 мин. 324 жаттығу. Эстафета.
5 мин 325 жаттығу. Ішіне - сыртына әдісі бойынша.
4. Сергіту сәті. 2 мин
5. Жаңа сабақты пысықтау.
327 - жаттығу. Өзіндік жұмыс.
6. қорытындылау.
5 мин. Тест сұрақтары.
7. Бағалау.
2 мин. Рейтин жүйесі бойынша.
8. Үй жұмысы. 326 - жаттығу.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Келмеген оқушыларды журналға белгілеу. Сөзжұмбақ шешу. 2 мин.
2. өткен сабақты пысықтау. Үй жұмысын тексеру. 319 - жаттығу. «Орамал тастама» ойынын қолдану. Жалқы есімді табу.
3. Жаңа сабақ. 323 – жаттығу. Көрнекілік.
Біздің ғалым ағалар,
Біздің ғалым апалар,
Ашты жолды аспанға.
Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс Айға, Марсқа
1. Қызылмен жазылған сөздерге сұрақ қою
2. Ол сөздерді түбір мен қосымшаға талдау.
3. Түбір сөзді бөліп алып сұрақ қою.
4. Сұрақтарды салыстыру.
Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз.
Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз.
322 – жаттығу. Көрнекілік. / сурет/
- Мына жерде қанша балапан? – бір балапан.
- Ал, мына жерде ше? – Үш балапан.
Астындағы жазуды тақтаға жазайын.
Қоян суреті бойынша тура осылай жазу.
Тақтаға сызба арқылы түсіндіру.
Көрнекілік тірек сызба әдісі бойынша жаңа сабақты түсіндіру, таныстыру.
Ережемен таныстыру.
Көркем жазу. 322 - 323 жаттығу.
Бір, екі, үш
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық.
Бәріміз түзеліп отырып, бүгінгі күн ретін, тақырыпты және жаттығуды жазамыз. Жазуымыз көркем, әдемі болу үшін денемізді түзу ұстаймыз.
Мына сөздерді оқыңдар.
1. Дәптерлер
2. Айналар
3. Балапандар
4. Өлеңдер
5. Кітаптар
6. Көзілдіріктер
Бұл сөздерге: - лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер қосымшаларды жалғаулар жалғану арқылы зат есімнің көпше түрі жасалған. Бұл жалғаулар көптік жалғаулар деп аталады.
5 минут. 324 - жаттығу. «Эстафета» ойын түрінде өту.
«Қоян» тобы -------------------- «Балапандар» топы
Зат есімнің жекеше түрі ----------------- Зат есімнің көпше түрі
Инелік --------------- көбелектер
Тал ----------------- Қарлығаштар
Шырша ----------------- Қайыңдар

8 минут. 325 - жаттығу. «Ішіне - сыртына» әдісі бойынша.
Ішіне --------------- Сыртына
Терезе ---------------- Әдемі
Айна ----------------- Үшінші
Көзілдірік ------------ Күлді
Үзеңгі ------------------ төрт
Құлын
Қоян
Тазы
Ешкі
Мысық
Желім
Қағаз
4. Сергіту сәті. 2 мин.
5. Жаңа сабақты пысықтау. 8 мин.
Тірек – сызба әдісін пайдаланып қайталау.
Тест сұрақтары.
№1 көрнекілік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама