Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Зат есімнің көптік жалғауын қайталау
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Петропавл қаласы. Қайталау.
Білімділік мақсаты: Оқушылардың зат есімнің көптік жалғауы туралы алған білімдерін есепке ала отырып, тақырып туралы толық мағлұмат беру. Өз елі, Отаны, туған қаласы туралы әңгімелеуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Шығармашылық іске жұмылдыру. Іздене білім алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсат: Талдауға алынған мысалдар арқылы оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Отанға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Өткен тақырыпты меңгерту. Ойын.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау, топтастыру, ойын.
Көрнекілік: оқулық, карточка, сурет.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу рәсімі;
- оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметі;
- оқу құралдарын ретке келтіру;
- сабақтың мақсаты айтылады.
ІІ. Оқушыларды топтарға бөлу. Әр топ өзіне атын талдап алады.

ІІІ. Жаңа сабақ:
1) Сөздікпен жұмыс:
- мұғалім жаңа сөздерді оқып, түсіндіреді;
- оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен оқиды;
- оқушылар жаңа сөздермен сөйлем құрастырады.
2) Мәтінмен жұмыс:
1. Мәтінді түсініп оқы, орыс тіліне аудар.
2. Сұрақтарға жауап бер.
Петропавл қаласы
Мен Петропавл қаласында тұрамын. Ол - Солтүстік Қазақстан облысының орталығы. Біздің облысымыз - астықты аймақ. Петропавл өте әсем, таза, үлкен қала. Мұнда көп әдемі ғимараттар, саябақтар, ескерткіштер бар. Қаламызда мәдени орталықтар, оқу орындары көп.
- Бала қайда тұрады?
- Біздің облысымыз қандай?
- Петропавл қандай қала?
- Қалада нелер бар?
4) Карточкамен жаттығуды орындау.
Сөздерді көпше түрде жаз.
Ел..., қала..., сурет..., тақта..., сынып..., мақал..., оқушы..., қалам..., Отан....
5) Мәтіннен көпше түрде тұрған зат есімдерді тауып, оқы.
ІІ. Үй тапсырмасын тесеру.
Петропавл қаласы туралы әңгімеле.

IV. Қорытындылау.
1) Мақалдарды аяқта.
Туған жер – ормансыз бұлбұл
Өз елім – басталады
Отан - отбасынан елдің анасы
Отан - өлең төсегім
Отан - оттан да алтын бесік
Отансыз адам — ыстық
2) Сайыс. Отан туралы өлеңді жатқа оқы.
VI. Үйге тапсырма. Сөздерді жаттау. Петропавл қаласы туралы сурет салу. Карточкамен тапсырма.
Көпше түрде жазып, ал.
Алма, алмұрт, кітап, мысық, адам, дала

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама