Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты: 1) Тәуелдік жалғаудың мағынасын байқату, яғни заттың , қандайда бір нәрсенің біреуге тән , соның меншігі екенін білдіретін, үш жағы болатынын және олардың I, II жақтарының адамға меншікті айтылатынын, III жақ адамға да, басқа заттарға да қатысты екенін ұғындыру.
түсіндіру;
2) Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;
3) адамгершілік, салауатты өмір салтына тәрбие беру, таза , әдемі жазуға баулу.
Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, сын тұрғысынан ойлаудың элементтері
сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Психологиялық дайындық
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру .Жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
Өткенді пысықтау: «Бір айналым сөйлесу стратегиясы»зат есім ұғымы.
Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы коньки тебеміз.
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсыз? (қыс)
Көркем жазу: Ққ
Ой қозғау: Қыс мезгіліне байланысты сөйлем құрау.
Кітаппен жұмыс: «Жалғасын тап».Біздің Отанымыз .......
1 жаттығу. Отан өлеңін оқы.Қарамен жазылған зат есімдерді сөз құрамына талдау .Берілген сөздерді жекеше, көпше тәуелде
1 қатар. Жерім
2 қатар суым
3 қатар туым
2 жаттығу Мәтінді оқы.Тәуелдік жалғаулы сөздердің қай жақта айтылып тұрғанын анықта(ауызша орындалады)

Сергіту сәті: «Қар лақтыру ойыны» Ақ қағазға тілек жазып бір –біріне лақтырып, ашып оқу.
3-жаттығу. Жазбаша тақтада орындау.
Түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстырып оқи отырып, қай жақта тәуелденгенін ажырату.
4 жаттығу Сөйлемдерді оқы, Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз.Олардың қасына сол сөздердің түбірін жаз.Сөздегі дыбыстардың өзгеру себебін түсіндір.
Жеке оқушылармен жұмыс (карточкалар беру)
№1 Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жазыңдар
Жайлау... бір біздің,
Қыстау... бір біздің,
Әже... ндей Алатау
Қазақ пенен қырғыздың.

№2 Балам, бала... , жаны... , бала ...!
Құлағ... сал , сөйлейді ана...
Сені өсіріп, бөбег... деп
Аппақ сүт...н емізді ана... .

№3 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып көшір
... жолдасым, ... кітабым
... табысымыз, ... тәрбиешіміз
... мектебің, ... кітабың
... баласы, ... тапсырмасы

1. Тәуелдік жалғаулардың астын сыз.
Кітап – досым, жолдасым.
Өмірдегі қолбасшым.
2. Ана сөзін жекеше тәуелде
3. Сөздерге ІІ жақ тәуелдік жалғауын жалға.
Доп-
Іні-
Ел-
Мектеп-

Қорытындылау «. Екі түрлі түсініктеме күнделігі»
Бұл әдісте оқушы тақырып бойынша өз ойын жазбаша білдіреді де, мынадай тапсырмаларды орындайды.
Ережеден үзінді
Ереже туралы пікір
1.тәуелденеді.
2.Заттың біреуге меншікті екенін білдіреді.
3.дос

“Сезімнен шыққан өлең” стратегиясы
Қар жауады _____________
___________ жүр шапалақтап.
Балалар ______________ киеді,
________ беттен сүйеді
Бағалау
Үйге тапсырма; 5жаттығу, 30 бет
Жаңылтпашты жатқа жазу.
Тәуелдеулі сөздерді тауып, қай жақта айтылып тұрғанын айт.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама