Зат массасының сақталу заңы
«№2Қашар орта мектебі»КММ
Химия пәні мұғалім: Табарикова Тарбия Исаевна
Химия 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат массасының сақталу заңы
Сабақтың мақсаты:
а. Білімділік: оқушыларды зат массасының сақталу заңының мәнін ұғып, оны қолдана білуге үйрету
б. дамыту: оқушылардың ойлау, пікірлері қабілеттерін арттырып, белсенділігін дамыту.
в: тәрбиелік: өз еркімен білім алуға, жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі. дәстүрлі
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, тест
Сабақ көрнекілігі: темір, күкірт, мыс ұнтақтары, спиртшам, сынауықтар, тұрғы, зертханалық таразы.
Сабақ байланысы: математика. физика
Күтілетін нәтиже: құрам тұрақтылық заңы, зат массасы, қоспалар, химиялық қосылыстар, химиялық реакция заттың салыстырмалы молекулалық массасын, зат массасын есептеу, химиялық қосылыстардың формуласын құрастыра білу.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қоспа мен химиялық қосылыстың айырмашылығы неде?
2. Заттың химиялық формуласының маңызы мен қажеттігі неде
3. Берілген химиялық формулаларды жазу
4. Алыну әдісіне қарамастан химиялық қосылыстардың құрамы тұрақты;
5. Химиялық реакция кезінде атомдар сақталады.
Реакция нәтижесінде түзілетін өнімдер бастапқы алынған зат құрамындағы атомдардан құралады деген қорытындыға келу. Осы қорытындыларға сүйене отырып, химияның негізгі заңдарының бірі – зат массасының сақталу заңын түсіндіремін.
Жаңа тақырып:
Сабақ мақсатымен таныстырамын
Проблемалық сұрақтар: 1. Реакция кезінде атомдар сақталса, реакцияға түскен барлық атомдардың массасы сақтала ма?
Осы тұста оқушыларға белгілі темір сульфидін алу реакциясын көрсетуге болады. Заттардың құрам тұрақтылық қағидасына сай 7 г темір, 4 г күкірт өлшеп алу керек. Бастапқы заттарды өлшеймін, реакция аяқталғаннан кейін түзілген өнімді өлшеймін. Сонда түзілген өнімнің массасы 11 г, ал бастапқы алған заттардың жалпы массасы да 11 г - ға тең болады. (КК)
Тәжірибені талдау нәтижесінде оқушылар химиялық реакцияда түзілген өнімдердің массасы бастапқы заттардың жалпы массасына тең болады деген қорытындыға келеді.
Іс жүзінде көпшілік жағдайда бұл ой дұрыс емес сияқты болып көрінеді. Неге?
Алдын ала өлшеніп алынған темір ұнтағы не мыс ұнтағы қыздырылады. Бастапқы заттың түсінің өзгергеніне оқушылар назарын аудара отырып, химиялық реакцияның жүріп жатқанын айтамын. Түзілген өнім өлшенеді. Бастапқы және реакция нәтижесінде түзілген өнімнің массалары тең емес екеніне оқушылардың көзі жетеді. Оқушылар үшін туған бұл қарама - қайшылықты М. В. Ломоносовтың жүргізген тәжірибесін айтып, түсіндіремін. Осыдан кейін оқушыларды зат массасының сақталу заңының қазіргі анықтамасымен таныстырып, дәптерлеріне жазғызамын.
Енді зат массасының сақталу заңының маңызына тоқталайық.
Біріншіден, бұл заң табиғатта заттардың жоқтан пайда болмайтынын немесе мүлдем жойылмайтындығын, яғни материяның мәңгі екендігін дәлелдейді. Осы арқылы оқушыларда материалистік көзқарас қалыптасады, дүние танымдары кеңейеді.
Екіншіден, бұл заң химиялық реакцияның мәнін ашады, яғни бастапқы заттардың құрамындағы атомдар реакция нәтижесінде түзілетін заттардың құрамына кіреді. Бастапқы заттардың атомдары өзара қайта топтасып, жаңадан байланысуының нәтижесінде жаңа заттар түзіледі. Үшіншіден, бұл заң химиялық реакция теңдеуін жазуға, сол теңдеу көмегімен есептеу лер жүргізуге мүмкіндік туғызды. Демек, бастапқы заттардың біреуінің массасы белгілі болса реакцияға түскен басқа заттардың не түзілген заттардың массасын есептеп шығаруға болады.
Мысалы: 12г күкіртті темір ұнтағымен қыздыру нәтижесінде 33г темір сульфиді түзілді. Қанша грамм темір реакцияға қатысты?
Берілгені: m(FeS) = 33г ----- Шешуі: 33г – 12г = 21г ------------- Жауабы: m(Fe) = 21г
m(S) = 12г ---------------------- Т/к: m(Fe) =?
1. Массасы 24г мыс сульфиді түзілу үшін 16г мыс алынған. Ал күкірттің неше грамы керек?
2. Массасы 56г магний сульфидін алу үшін 32г күкірт жұмсалды. Ал магнийдің қанша грамы жұмсалады?
Сабақ соңында оқушыларға қойылатын бекіту сұрақтары:
1. Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?
2. Зат массасының сақталу заңының анықтамасын айт.
3. Реакция нәтижесінде зат массасының сақталатынын қалай дәлелдеуге болады?
Бағалау.
Үйге тапсырма беру: § 15. (1 - 8) Жұмыс дәптері.