Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі тарауын қорытындылау.
Сабақтың тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі тарауын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың заттың агрегаттық күйлері, балқуы, қатаюы тақырыптары
бойынша алған білімдерін тереңдетіп бір жүйеге келтіру, негізгі ұғымдарды
бекіту
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, олардың пәнге деген ынтасы мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, ынтымақтастыққа, тапқырлыққа, өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың тәсілдері: есептер, сұрақ жауап, тест.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
Өтілу жоспары: 1. Физика әлеміне саяхат
2. Дұрыс таңда
3. Өз үйіңді адаспай тап
4. Кім алғыр
5. Есептер сыры
6. Ой қозғау
7. Ойлан тап
8. Бекіту тесті

1/ Физика әлеміне саяхат.
Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады, әрбір топқа осы тарау бойынша 11 сұрақтан беріледі.
І - топ Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі
Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеуге арналған формула
Қалған топтарға да осы сияқты сұрақтар қойылады.

2/Дұрыс таңда. Мына аталған сөздерді орнына қою
Шама:
Бірлік:
Құрал:
Қысым, барометр, Паскаль, Ньютон, таразы, масса, манометр, килограмм, тығыздық, көлем

3/ Өз үйіңді адаспай тап. Бұл бөлімде әр топтан бір оқушыдан шығады. Берілген формулаларды өз орнына қою керек.
Дж/кг
Джоуль
Q=cm[t]
q=Q/m
Жылу мөлшерінің формуласы
Отынның жану жылуының формуласы
Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі
Q=qm
Λ=Q/m
m=Q/q
4200 Дж/кг С
Массаны анықтау
Судың меншікті жылу сыйымдылығының мәні
Меншікті балқу жылуының формуласы
Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеу формуласы.

4/ Кім алғыр
І - топ Мына жылу мөлшерін Джоульмен өрнектеңіз.
3 кДж
2 гДж
0, 4 кДж
0, 05 гДж
ІІ – топ Мына жылу мөлшерін килоджоульмен өрнектеңіз
10 000 Дж
58 000 Дж
420 Дж
25 Дж
ІІІ – топ Мына жылу мөлшерін Джоульмен өрнектеңіз
4 кДж
0, 2 кДж
3, 25 кДж
24 кДж

5/ Есептер сыры. Әр топқа есептер беріледі
І - топ. 0 С температурадағы мұзды балқыту үшін 34 кДж энергия шығындалады. Мұздың
меншікті балқу жылуы 340 кДж/кг. Суға айналған мұздың мөлшері?
ІІ - топ. Қорғасыннан кристалдану кезінде 7, 5*10 Дж жылу бөлінеді. Қорғасынның массасын анықта.
ІІІ - топ. Қанша мөлшердегі суды 9*10 Дж энергия бере отырып, 100 С температурада буға айналдыруға болады. Судың меншікті булану жылуы 2, 26*10 Дж/кг.

6/ Ой қозғау.
Оқушыларға әртүрлі логикалық есептер беріледі, олар ауызша түрде жауап береді.
1. Жердің ортасында не бар?
2. Күн мен түн неден бітеді?
3. Ең үлкен уақытың өлшем бірлігі?
4. 12 қандай сан?
5. Түнгі сағат 11 - де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма?

7/ Ойлан тап. Формулалар құрастыру.
Берілген физикалық шамалармен формулалар құрастырады, тақтамен жұмыс жүргізіледі.
Бекіту тест.
Тест 7сұрақтан тұрады, әрбір оқушы тест жауаптары бойынша өздерінің жұмыстарын тексереді.
Үйге тапсырма:
§ 13 - 18 оқу.
Оқушыларды бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама