Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Заттың тығыздығын есептеу
Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығын есептеу
7 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7. 2. 2. 15 – тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану.
Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. заттың тығыздығы деп аталатын физикалық шамамен таныстыру, оның дененің массасына және көлемдеріне тәуелді екенін сипаттайтын шама екенін түсіндіру, өлшем бірлігімен танысады.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік: Тығыздықты есептеу
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Математика, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу: №3 зертханалық жұмыс. «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау»

Басталуы 5 минут
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Орныңды тап» ойыны
Қолдарындағы шамаларды тақтаға орналастыру. Бұлардың барлығы пәнге тән лексика мен терминология болып табылады. Енді диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен сөз тіркестерін келтіріңдер

Жаңа білім 5 минут
Білу және түсіну
«Шахмат» әдісі бойынша шахмат тақтасының суретінің ақ ұяшығына өз ойларын жазады, сосын ой бөліседі.
«Жариялау» әдісі
Дененің көлемін өлшейтін құралдардың бөлік санын табу және оны түсіндіру.

Ортасы 13 минут
Қолдану
Үш топқа тапсырма беріледі:
1) Көлемі белгісіз дене
2) Шақпақ қанттың массасын өлшеу
3) Лимонад, сүт, судың тығыздықтарын салыстыру
Талдау
«Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Сергіту сәті 2 минут
Аяқталуы
Сабақты бекіту 10 минут
Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Мұғалімнің аты - жөні: М. Т. Серікбаева

Заттың тығыздығын есептеу. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама