Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Зерде интелектуалдық сайыс сабағы
Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: экран, тапсырмалар
Түрі: сайыс

Мұғалім:
Армысыздар, бүгінгі сайысымызға жиылған информатиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің 6 - 7 сыныптар арасында өтетін «Зерде» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!
Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың - дей келе «Зерде» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.

Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына - деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.

Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Бәйге
3. Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал.
4. Білгенге маржан. Жұмбақ шешу
5. Құрастырма сурет

Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа
Ендеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.
І таныстыру
І топ Ұраны:
ІІ топ Ұраны:
Біліммен алға самғаймыз!»
Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білім деп?
2. Ойынымыздың келесі кезегі

ІІ «Бәйге» бөлімі:
Бұл бөлімде 10 - нан бастап 30 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Ұпай ұяшықтарын таңдап, берілген сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап болса, таңдаған ұпайды алады. Жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады, ол ойыншы таңдалынған ұпайдан 10 ұпай кем алады. Солай ойын жалғаса береді.

І топ
1сұрақ: Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
Жауабы: жүйелік блок, монитор, пернетақта
2 сұрақ: Компьютердің ең басты бөлігі, «миы»
Жауабы: процессор
3 сұрақ: Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы
ЖАУАБЫ: пернетақта
4 сұрақ: Бірінші электронды есептеуіш машина шыққан жылы, атауы
Жауабы: 1946 жылы, ENIAC
ІІ топ
1. Сұрақ: 1761 жылы «логарифм сызғышын» жасап шығарған ағылшын
Жауабы: Ч. Бэббидж
2. сұрақ: Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас тәсілі
Жауабы: интерфейс
3 сұрақ: Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым
Жауабы: Информатика
4 сұрақ: 1 Мбайт неге тең?
Жауабы: 1024 Кбайт
ІІІ бөлім «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»Логикалық тапсырма суреттер бойынша беріледі.
1 - сұрақ: көкек - 41) мысық - 3
әтеш - 8
есек - 2
бақа - 3

ит -?
2 - сұрақ: 6) Мына есепті калькуляторсыз, ештеңеге жазбай, ойша шешуге тырысыңыз.
1000 оған 40 - ты қосыңыз. Тағы бір мың қосыңыз. Оған 30 - ды қосу керек. Тағы 1000. Қосу 20. Қосу 1000. Және тағы 10 - ды қосыңыз. Неше шықты?

ҮІ бөлім. Білгенге маржан
Жұмбақ
Жұмбақтар
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын (тышқан – мышка – mouse)
1. Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген (пернетақта – клавиатура – keyboard)
2. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді. (басып шығарғыш – принтер – printer )
3. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер – курсор – mouse pointer)
5. Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. (компьютер – компьютер – computer)
6. Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген (мәтіналғы – сканер – scanner)

Ү бөлім. Құрастырма сурет

Қорытынды:
«Зерде» интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама