Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Зерделілер мен Зейінділер
«Зерделілер» мен «Зейінділер»
І кезең. Сәлемдесу
а) Таныстыру
ә) команда эмблемасы
б) ұран
в) қарсыластарына сәлем
г) әділқазы алқасына сәлем
ІІ кезең. «Қалауың білсін» (таңдалып алынған тапсырма)
ІІІ кезең. «Қателеспе» (формула біліктілігін тексеру)
ІV кезең. «Қапы қалма» (топтарға есептер тапсырылады)
V кезең. «Капитандар сайысы»
VI кезең. «Үйтапсырмасы»

1 - жүргізуші:
Уа, халайық!
Бәріңе бірдей жар салайық
Химия тілін үйренем деушілерге
Химия тілін білмек ойлы балаларға
Химия құмарлығын арттыруға, талпынушыларға
Бүгін болатын кешімізді арнаймыз.

2 - жүргізуші:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Пайдасын көре тұра тексермедім
Ер жеткен соң түспеді уысыма
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп Абай атамыз айтқандай уақытында химия сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда химия ғылымымен әрі қарай сырласып, кейбіреулермен мұңдасып қалу үшін өткізілгелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға бүгінгі «Зерделілер мен Зейінділер» атты сайысқа қатысушыларымызды шақырамыз.
І топ – 10 сынып оқушылары
ІІ топ – 9 сынып оқушылары
ІІІ топ – 8 сынып оқушылары
Жүргізуші:
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер!
Сайысымызды әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер
Бірінші сайыс: «Сәлемдесу» әр топ өздерінің атымен, ұранымен, қарсыластары мен әділқазылар алқасына сәлем жолдайды.
Екінші сайыс: «Қалауың білсін!» әр топ бір - бір қатысушыны ортаға шақырамыз, ұсынған ұяшықтардың біреуін таңдайды. (кубик 1, 2, 3, 4)
1 2
3 4
1 – ұяшық сұрақтары
1. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиеті (аллотропия)
2. Индекс, коэффициент дегеніміз не? (индекс атом саны, коэффициент – молекула саны)
3. Ас содасының формуласы (NaHCO3 - натрий гидрокарбонаты)
4. Оттектің сұйылту температурасы қандай? ( сұйық (О2)= - 180 градус С)
5. Жер бетіндегі тіршілік атырабы (биосфера)
6. Д. И. Менделеев ескерткіші қай қалада қойылған (Тобольск, Мәскеу, Ленинград)
7. 61 жас неше мүшел (5 мүшел)
8. Ауада неліктен алма сарғаяды ( темір(ІІ) ионы темір (ІІІ) ионына айналады)
9. Ылғал тартқыш қышқыл ( H2SO4 - күкірт қышқылы)
10. Тоңазытқыштарда қолданылатын газ (NH3 - аммиак)

2 – ұяшық сұрақтары
1. Гидрлену реакциясы дегеніміз не? (сутектің қосылу реакциясы)
2. Ломоносов «корпускула» деп нені атаған (молекула)
3. Бактериоциттік қасиеті бар қай металл (күміс)
4. Судың агрегаттық күйлерін ата (мұз, сұйық, бу)
5. Қай орыс ғалымы химик, белгілі музыкант болған (А. П. Бородин)
6. Сутекті ашқан ғалым (Г. Кавендиш)
7. 70 - 80 аралығын қалай атаған (қария, қарт, ақсақал)
8. Патша сұйығы деген не (1 көлем азот қышқылы мен 3көлем тұз қышқылы қоспасы)
9. Тұздар мен су арасындағы реакция (гидролиз)
10. Х. Колумб Американы қай жылы ашты (1492)

3 – ұяшық сұрақтары
1. Заттың құрамы мен қасиеті сақталатын ең кіші бөлшегі (молекула)
2. Фосфор деген сөз қандай мағына береді (жарық тасушы)
3. Теңіз капустасы – ламинария қандай элементке бай (йод)
4. Иммунитет дегеніміз не (ағзаның жұқпалы ауруға қарсы тұру қасиеті)
5. Қай бұлшықет өте күшті (ауыз бұлшықеті)
6. Жердің терең қабатындағы балқыған зат (магма)
7. «Белоксыз тіршілік жоқ, азотсыз белок жоқ» сөздерінің авторы (Ф. Энгельс)
8. Алғашқы орыс профессоры, химик (М. В. Ломоносов)
9. Индекс нені көрсетеді (атом санын)
10. Қайсы артық 1кг мақта, әлде 1 кг темір (бірдей)

Зерделілер мен Зейінділер. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама