Сабақтың тақырыбы: 3-ке көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты: 3-ке көбейту және бөлу кестесін таныту. Оны есептеуде қолдана білуге үйрету.
1. Мазмұнына байланысты: 3-ке көбейту және бөлу кестесін жатқа меңгерту. 3 есе артық, 3 есе кем ұғымдарына қатысты есептер шығарту.
2. Сын тұрғысынан ойлау: Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру. Ойларын дамытатын логикалық тапсырмалар арқылы ой шапшаңдығын дамыту.
3. Топпен жұмыс: Оқушыларды топпен жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілігі: Көбейту және бөлу кестесі; тірек сызбалар. дидактикалық материалдар.
Сабақ түрі: Жаңа білім меңгерту.
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, білім беруді ізгілендіру әдісі
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, Еңбек.
Сабақтың жүру барысы:
I. Қызығушылықты ояту:
Терең ғылым сананың,
Тегі деп ой саламын
Маңыз беріп оқимын,
Есептану сабағын.
II. Үй тапсырманы тексеру: 2-ге көбейту және бөлу кестесін жатқа сұрау.
III. Ой шақыру»Ребус шешу:
3*1-ке, және, б у
Шешуі 3-ке көбейту және бөлу
IV. Мағынаны тану: а) Есіңе сақта!
3*3=3*2+3
3*3=9
9: 3=3
4*3=3*3+3
4*3=12
12: 3=4
5*3=4*3+3
5*3=15
15: 3=5
6*3=5*3+3
6*3=18
18: 3=6
Түсіндіру: 3-ке 3-ті көбейту үшін, 3-ті өзінің алдындағы 2-ге көбейтіп, оған 3-ті қосу деген сөз., яғни 3*3-тің көбейтіндісі 9-ға тең, ал 9 бен 3-тің бөліндісі 3-ке тең. Себебі көбейту және бөлу өзара кері амал.
Ә) Топтық жұмыс:
Үш жұртыңды ата?
1. Өз жұртың
2. Нағашы жұртың
3. Қайын жұрт
А тобы: Өз жұрты деп кімдерді айтамыз?
А) 3*3=9
30*3=90
4*3=12
40*3=120
5*3=15
50*3=150
6*3=18
60*3=180
Б тобы: Нағашы жұрт кімнің туысқаны?
Ә) 3*4=12
3*40=120
3*5=15
3*50=150
3*3=9
3*30=90
3*6=18
3*60=180
Б тобы: Қайын жұр деп кімдерді айтады?
9: 3 ------- 12: 3 ---------- 15: 3 -------- 18: 3
90: 3 -------- 120: 3 --------- 150: 3 --------- 180: 3
9: 3 -------- 12: 4 --------- 15: 5 --------- 18: 6
Б) Топ сайыс: «Киіз үй құрастыру»
А тобы: №2 а) Киіз үй фабрикасы аптасына 4 киіз үй жасайды. Фабрика 3 аптада неше киіз үй жасайды?
Әр аптада - 4 к/ү
Шешуі: 4*3=12
3 аптада -?
Жауабы: 12 киіз үй
Ә тобы: ә) Бәйгеге 3 шаруашылық 12 сәйгүлік қосты. Егер әр шаруашылықтың бәйгеге қосқан сәйгүліктерінің саны бірдей болса, онда бәйгеге әр шаруашылық неше сәйгүлік қосқан?
3 ш/қ - 12с
Әр ш/к. сәйгүлік саны - бірдей
Әр ш/қ -? Сәйг. қосты
Шешуі: 12: 3=4
Жауабы: Әр ш/қ - 4 сәйгүлік қосты.
Б тобы: 19 кітапты балалар үш - үштен бөліп алды. Неше бала кітап алды? Неше кітап артық қалды?
Барлығы - 19 кітап
Бөліп алды - үш - үштен
Кітап алды -? Бала
Артық қалды -? кітап
Шешуі: 19: 3=6 (қ1)
Жауабы: 6 бала кітап алды, 1 кітап артық қалды.
V. Ой толғаныс: Шығармашылық тапсырмалар:
Амал таңбалары мен жақшаларды тауып жаз:
3...... 3..... 3..... 3=4 --------------- 3..... 3..... 3..... 3 =0
Шешуі: (3*3)+3: 3=4 ------------ (3*3): 3 - 3=0
VI. Біз не үйрендік?
«Байланыстыр» ойыны
3*3 ------ 9: 3
4*3 12: 3
5*3 18: 3
6*3 15: 3
VII. Үйге тапсырма: №5 (ә) 56 - бет;
VIII. Бағалау:
3-ке көбейту және бөлу
Сабақтың тақырыбы: 3-ке көбейту және бөлу.
March 5, 2024673 views

#математика#ашық сабақ бастауыш сыныпқа#3-ке көбейту және бөлу
Recommended
Akim's Son Involved in Crash; Father Says He Won't Interfere
Son of Arys akim crashes taxi on Astana-Pavlodar highway, leaving 20-year-old passenger without legs. Father vows not to use influence as investigation proceeds.
20 min ago
Major Fire in Almaty's Tomiris Microdistrict: Firefighters Respond
Firefighters in Almaty are battling a large blaze in an administrative building in the Tomiris microdistrict. The fire has been given an elevated response rank and has been contained, with no casualties reported.
40 min ago
Spain advances to 2026 World Cup final after defeating France: semi-final recap
Spain defeated France 2-0 in the 2026 World Cup semi-final and advanced to the final. They will face the winner of England vs Argentina. Match summary included.
40 min ago
← BackSource: bilimdiler.kz

