Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы
Ұлы суреткер
Сабақтың мақсаты:
а) А. Құнанбайұлының шығармашылығынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену т. б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, кестелері, дидактикалық материалдар т. б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ақынның өмірі
І деңгей /міндетті деңгей/
1. Абайдың әкесі кім?
А) Өскенбай
В) Ырғызбай
С) Кененбай
*Д) Құнанбай
2. Абай қай жылдары өмір сүрді?
А) 1845 – 1904
*В) 1845 – 1905
С) 1846 – 1905
Д) 1946 - 1906
3. Семейдегі алғашқы сабақ берген молдасы кім?
А) Әбдіжаппар
В) Ғабулжаппар
С) Ахмет – Риза
Д) Әбдірахман
4. Абай болыс болды ма?
А) Жоқ
*В) Иә
С) мүлдем
Д) ешқашан
5. Абайдың рухани ізбасары, әлем әдебиетінің классигі, «Абай жолы» роман - эпопеясының авторы кім?
А) М. Жұмабаев
В) С. Сейфуллин
С) М. Әуезов
Д) І. Жансүгіров
6. Сөзжұмбақты шешіңдер.
1 А
2 Б
3 А
4 Й
1) Құнанбайдың Абайға еркелетіп қойған аты? /қарашұнақ/
2) Абайдың үлкен әкесі, атақты би /Өскенбай/
3) Абай қай айда туды? /тамыз/
4) Абайдың әйелі. /Әйгерім/
ІІ деңгей /алгаритімдік деңгей/
1. Абайдың шын аты кім?
А) Абай
В) Телғара
*С) Ибраһим
Д) Ибрағали
2. Әкесі Абайды неше жасында оқуға берді?
А) 9
В) 10
С) 11
Д) 12
3. «Кәрі әже» ауылдың кімге қойған аты?
А) Ділдаға
В) Зереге
С) анасы
Д) немересі
4. Ұлжан Абайға кім болып келеді?
А) әжесі
В) қызы
*С) анасы
Д) немересі
5. Абай қай рудан шықты?
А) Арғын
*В) Тобықты
С) Шекті
Д) Найман
6. Абай кім?
winked: Абай кім?
ІІІ деңгей /эврестикалық деңгей/
1. Абайдың Ұлжаннан туған ағасы кім?
А) Құдайберді
*В) Тәңірберді
С) Оспан
Д) Ысқақ
2. Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді?
А) 1907
В) 1908
С) 1909
Д) 1910
3. Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуына игі әсер еткен революционер - демократ кім?
А) Крылов
В) Лермантов
С) Пушкин
Д) Михаэлис
4. Абайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі кім?
А) шырын
В) Шынар
*С) Шүкіман
Д) Шырайлы
5. Құнанбайдың замандас құрдасы Тана мырзаның мешіт салдырған жерін анықтаңыз.
А) Үржар
В) Семей
С) Көкпекті
Д) Алматы
6. Абайдың қандай ақын шәкірттерін білесіңдер?
_________________________
IV деңгей /шығармашылық деңгей/
Кестені толтырыңдар.
Абай шығармаларын Мұхтар Әуезов
5 түрге жіктейді
1. Абайдың жас шағындағы өлеңдері
2. Абайдың лирикасы
3. Абайдың поэмалары.
4. Абайдың аудармалары
5. Абайдың қара сөздері
Абай шығармаларын сен неше түрге бөлер едің?
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Сүйемін мен Абайдың өлеңдерін» тақырыбында өлең шығару немесе ой толғау.
Абай Құнанбайұлы ұлы суреткер
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы
March 5, 2024907 views

#абай құнанбайұлы#әдебиет#сабақ жоспары
Recommended
Kazakhstan leads post-Soviet nations in prison population reduction
Kazakhstan ranked 103rd globally but saw the sharpest prison population decline among post-Soviet states, dropping from 184 to 163 per 100,000 in 2025. Full story on infohub.kz
6 min ago
Kazakhstan Weather: Heat, Storms, and Fire Risk on July 15
Weather forecast for July 15: up to 35°C in Almaty, up to 41°C in Abai and East Kazakhstan regions, thunderstorms, wind, high and extreme fire danger across many regions of Kazakhstan.
26 min ago
Zidane to take over France national team after World Cup semifinal defeat
Zinedine Zidane will become the new head coach of the France national team after their World Cup semifinal defeat to Spain. Didier Deschamps will depart after the third-place match.
46 min ago
← BackSource: bilimdiler.kz

