Грекия астанасы Афинаның тарихи орталығында орналасқан Плака ауданындағы ғимарат жарылыстан қирап, кемінде бір адам қаза тапты, тағы бесеуі із-түзсіз жоғалды деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жарылыс Акрополь секілді туристік нысандарға жақын маңдағы Плака тұрғын ауданында болған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, қираған ғимаратта демалысқа жалға берілетін пәтерлер орналасқан.
Оқиғаға қатысы бар адамдар қатарында төрт американдық турист, бір Ұлыбритания азаматы және бір Грекия азаматы бар деліеді, алайда ресми органдар мұны әзірге растаған жоқ.
Оқиға орнынан тараған суреттерде құтқару қызметкерлерінің қирандылар арасынан іздеу жүргізіп жатқаны көрінеді. Жарылыстың себебі ретінде газдың ағуы болжанып отыр.
Сенбі күні таңертең әйел адамның денесі табылды, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Reuters ақпарат агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлағандай, туристер Афина әуежайына ұшаққа келмеген кезде олардың жоғалып кеткені расталды.
Үш қабатты ғимарат жарылыстың күшінен толығымен құлап, көршілес ғимараттар зақымданып, жол бойына қиранды шашырады.
Аман қалғандарды іздеу үшін оқиға орнында экскаваторлар мен жылу бейнелеу камералары пайдаланылды. Жарылыс Афинаның ең көп баратын екі нысаны — Акрополь мен Зевс Олимпий храмы арасындағы шағын көшеде болған.
BBC News Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігіне хабарласқан.


