Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) 2027 жылдың соңында іске қосылады. Бұл туралы қалалық Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады. Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды infohub.kz.
Мамандар ескі трамвай рельстері мен асфальт жабынын бұзып үлгерді. Одан кейін жаңа қалалық көлік түрінің негізін салу жоспарлануда.
LRT-дің бірінші желісі Алатау ауданындағы индустриялық аймақты мегаполистің орталық бөлігімен және Алматы-2 теміржол вокзалымен байланыстырады. Маршруттың ұзындығы 18 шақырымды құрайды. 34 аялдама қарастырылған. Бір құрам 285 адамға дейін сыйдыра алады, ал орташа жылдамдығы сағатына 35 шақырымнан аспайды.
Астанадан айырмашылығы, алматылық жеңіл рельсті көлік негізінен жер бетімен жүреді және көп метрлік эстакадаларды салусыз көшелер бойымен өтеді. Оның ерекшелігі - әуе электр желілерінің болмауы.
«LRT құрылысы аясында қозғалмалы құрамды әуе электр желілерімен жабдықтамаудың заманауи шешімдері қарастырылуда. Атап айтқанда, қозғалмалы құрам станцияларда зарядталатын өз батареяларының есебінен қозғалады. Мұндай шешімдер әуе желілерін болдырмау үшін, яғни аспан таза болуы үшін қарастырылуда», — деді Алматы қалалық Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Асан Бостанов.


