- 25 Jul 2025 20:32
- 824
Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті
Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті,-деп хабарлайды Инфохаб
Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Тарғап ауылы маңында EC-145 маркалы әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті. Төтенше жағдай Луговойдан ұшып шыққан әуе көлігінің Отар ауданында байланысы үзілуінен кейін анықталған.
Тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болғаны хабарланды. Оқиғаға қатысты ақпаратты Қорғаныс министрлігінің Әскери-әуе күштері ресми түрде растады.
Қазіргі таңда іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге тікұшақтың нақты қай жерде жоғалғаны белгісіз.
-
"Group of the Companies TDA" ЖШС мен оған байланысы бар тұлғаларға қатысты сот шешімі шықты. Компания Қытайдан 100-ден астам контейнерді контрабандалық жолмен алып кіріп, жалған шот-фактуралар арқы...