Алматыда желтоқсан айында жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы еріктілер Lider.kz Instagram парақшасында хабарлады.

Коломыцев Павел Михайлович 2025 жылдың 13 желтоқсанында жоғалып кеткен. Соңғы рет ол сағат 15:30-да байланысқа шығып, кейін із-түзсіз кеткен. Полиция мәліметінше, ер адамның телефоны Қызылорда маңындағы Талсуат ауылында өшірілген.

Іздеу сипаттамасы

Бойы: 160 см

Шашы: тақырбас

Дене бітімі: арық

Көзі: қоңыр

Ерекше белгілері: екі қолында үлкен татуировкалар бар.

Киімі: қара күрте, қара шалбар, қара кроссовка, тоқылған бас киім.

Жанында болған заттар: қасқыр тісі бар кулон, сұр чемодан.

Табылуы

Еріктілердің хабарлауынша, Павел Коломыцевтің мәйіті 2026 жылдың 30 наурызында табылды.