2,5 миллионнан астам адам Аргентина құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыстырмау туралы бейресми петицияға қол қойды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қол жинау үшін Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) немесе ұлттық федерацияларға қатысы жоқ жеке Argentina Out сайты құрылды. Жарияланған кезде қолдар саны 2,5 миллионнан асты.

Өтініш авторлары ФИФА мен төрешілердің Аргентина командасының капитаны Лионель Мессиге біржақты қарап, оның құрамасына маңызды кездесулерде артықшылық беретінін айтады. Петиция мәтінінде: «ФИФА мен төрешілер Лионель Месси мен Аргентинаға біржақты қарайтыны анық. Жеңімпаз алдын ала белгілі болса, басқалардың қатысуының қажеті не? Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетіп, қалғандарына адал мүмкіндік беріңіз», - делінген.

Науқанның басталуына плей-офф матчтарындағы төрелікке қатысты даулар себеп болды. Аргентинадан жеңілгеннен кейін Египет пен Швейцария құрамалары төрешілердің шешімдеріне наразылық білдірді. Египет футбол қауымдастығының президенті Хани Әбу Рида 1/8 финал матчындағы эпизодтарды, оның ішінде есептен шығарылған гол мен египет тарапының пікірінше тағайындалмаған пенальтиді тергеуді талап етті.