Ауғанстанда мектеп маңында болған жарылыстан кемінде жеті оқушы қаза тауып, тағы 99 адам жарақат алды. Бұл туралы Талибан үкіметінің ішкі істер министрлігінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Оқиға сенбі күні таңертең Кунар провинциясының орталығы Асадабад қаласындағы Андерсейр ауданында болған.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Матин Қани әлеуметтік желідегі парақшасында алдын ала тергеу нәтижелеріне сәйкес жарылыс жақын маңдағы кен өндіруші компанияларға тиесілі жарылғыш зат қоймасындағы «немқұрайлылық пен абайсыздықтан» туындағанын жазды.

Оның айтуынша, оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.