Сыныбы: 9
Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йасауи өмірі, шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ахмет Йасауидің ақындығын, өлеңдеріндегі мақсат - мұратын ашып түсіндіру.
2. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын дамыту.
3. А. Йасауи өлеңдері арқылы оқушыларды білім - ғылымды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу;
Сабақтың көрнекілігі: слайд
Пәнаралық байланыс: тарих
І. Ұйымдастыру Оқушыларды түгендеу, сабаққа назар аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Қазақ даласы Әбунасыр Әл - Фараби өмір сүрген тұста қандай мемлекет құрамында болды?
2. Осы дәуір қандай екі бөлікке бөлінді?
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
1 Туған жылы 870
2 Туған жері Отырар қаласы
3 Білім алған жері Бағдат қаласы
4 Қайтыс болған жері Туған жерінде
Меңгерген тілі: араб, парсы, грек
Ғылыми еңбектері:
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту:
Қожа Ахмет Йасауи – ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы сопылардың бірі.
Ол қазіргі шымкент облысындағы Сайрамда туып, қазақ жерін Үнді, Қытай, Еуропамен байланыстырған Түркістан қаласында туды.
Йасауидің әкесі – Шайхы Ибрахим попылық жолды ұстаған діндар адам болған. Ахметтің анасы - Қарашаш пен әкесі Ибрахимнің мазары – Сайрамда
Ұстазы – Арыстанбаб
Шығармалары: «Диуани Хикмет» «Диуан»- жинақ, «хикмет» - Алланың ақ жолы дегенді білдіреді. Ахмет Йасауидің 90 мың шәкірті болған, олар ұстазының ілімін Орта Азия, Анадолы – Түркияға дейін таратқан.
Йасауи 63 жасқа келген соң, Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық жас жасауды қажетсінбей, жер астына қылуетке түсіп отыроады. Барлық уақытын шығарма жазуға арнайды.
Ахмед Ясауи өзінің «Хикмат» атты өлеңінде софылық ілім негіздерін баяндайды, тұрмыс - тіршілікке тартымды кеңестер береді, байлыққа құмар болмауға шақырады, әділеттілікті жақтайды.
Жеті жаста Арыстанбаб келді маған,
Хақ Мұстафа аманатын берді маған.
Сол сәтінде - ақ көңілім тауып баян,
Нәпсім өліп, Тәңірі жолына түстім мен де.
Құрма беріп, мейірлене назар салды,
Сол заматта кеудемде бір шырақ жанды.
Еркелете шақырып қасына алды,
Мектеп барып, бек қуанып тұрдым мен де.
Сөздікпен жұмыс: Нәпсі - ішіп - жеу, пенделік қажеттері
Хақ Мұстафа аманаты - Мұхаммед пайғамбардың аманат қылып берген құрмасын айтады.
Мақшар күні - о дүниедегі сұрақ күні
Тәуба - шүкіршілік қылу
Ысырат көпірі - о дүниедегі қыл көпір
Ү. Хикметтерін талдау
1. Хикметтерін талдай отырып, мазмұндап, бөліктерге бөлу.
1. Өмір үшін күрес.
2. Адамдық ізгілік жолында
3. Замана зары.
4. Алланы мойындау
5. өмір мен өлім.
6. достарға өсиет
Аударманы жасаған - Әбдіраш Жәмішов
ҮІ. Ахмет Йасауидің өлеңдерінен ақыл нақыл сөздерді теріп жаз.
Сөздікпен жұмыс:
1. Нәпсі - ішіп - жеу, пенделік қажеттілік
2. Мақшар күні - О дүниедегі сұрақ күні
3. Тәуба – шүкіршілік қылу
4. Төрт аяқты ағаш ат - табыт
5. Ысырат көпірі - О дүниедегі қыл көпір
6. Фәни шахары - О дүние
Бекіту сұрақтары:
1. Ахмет Йасауидің өмірлік мақсат - мұраты қандай?
2. Ахмет Йасауи нені жырлады?
3. Ахмет Йасауидің имандылық туралы ойлары қазіргі заманғы тәрбиеге сай келе ме?
Бағалау.
Үйге тапсырма:
1. Ахмет Йасауидің хикметтерін жаттау;
2. Абай өлеңдерімен салыстыру
Ахмет Йасауи өмірі, шығармашылығы
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йасауи өмірі, шығармашылығы
March 5, 2024681 views

#ахмет ясауи#қазақ әдебиеті#шығармашылығы#фәни шахары#ахмет йасауи өмірі
Recommended
Dollar plunges after sharp rise in Kazakhstan
The dollar exchange rate in Kazakhstan fell by 7.45 tenge after a sharp rise. Find current quotes on the Kazakhstan Stock Exchange and at exchange offices nationwide.
9 min ago
Kazakhstan Heatwave Continues on July 15, with Storms in North and West
On July 15, Kazakhstan faces intense heat up to 43°C in the south, while northern and western regions experience rain and thunderstorms. Detailed city forecasts.
9 min ago
Shymkent heatwave: thermometers near 66°C as residents seek river relief
Shymkent endures extreme heat near 66°C. Health officials urge precautions; forecasters warn of continued heat. Thousands seek relief at Koshkar-Ata river.
29 min ago
← BackSource: bilimdiler.kz

