Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) ұлттық компаниясының жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, қолданылып жатқан шаралар теміржолмен транзиттік тасымал көлемін жылына 55 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді, алайда компанияның қазіргі жұмысы қанағаттанарлықсыз деп танылып, жағдайды түзету қажет, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бектенов көлік саласының тиімділігін арттыру үшін бірқатар тапсырма берді. «Көлік министрлігі „Қазақстан темір жолы“ компаниясымен бірлесіп жыл соңына дейін негізгі теміржол магистральдарының құрылысын аяқтап, вокзалдарды жаңғыртуды аяқтауы тиіс. Автомобиль жолдарының құрылысы мен күрделі жөндеу аясында олардың нормативтік талаптарға сай болуын қамтамасыз ету қажет. Мультимодальды транзит көлемін арттыру үшін көлік саласын цифрлық трансформациялау қажет», — деп мәлімдеді премьер-министр.
Осылайша, 2026 жылдың соңына дейін Қазақстанда теміржолдар құрылысы бойынша негізгі жобалар аяқталып, вокзал кешендерін жаңғырту қарқыны жеделдейтін болады. Тапсырмалардың орындалуы көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін және транзит көлемін едәуір арттырады деп күтілуде.
