Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Мектепалды даярлық тобы
Дәстүр күні
Мақсаты: Балаларды өз еліне, жеріне, туған халқына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, ата-баба дәстүрі арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Ата дәстүр салтымыз бабадан қалған өнеге
Сол тәліммен еліміз өркен жайып гүлдеуде
Құтты болсын баршаға 20 жылдық тойымыз
Тәуелсіздік туымыз көгімізде желбіре - деп баршаңызды Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық мерекесімен құттықтаймыз!
Көрініс:
(Зере әже үйінде ұршық иіріп отырады).
Тәрбиеші: (Балаларды алып сырттан келеді).
- Балалар біз бүгін ауылымыздың анасы, даналы сөздің де шебері, ұлтымыздың қолөнерінің де шебері Зере әжейдің үйіне қонаққа барамыз.
Қане балалар біз барған соң Зере әжемен қалай амандасамыз.
- Амансыз ба әжей.
- Сәлем бердік әже т. б
Онда бәріміз саяхатқа дайындалайық
(екі-екіден қол ұстасып саппен жүріп. «Бақытты балалық шақ» өлеңімен Зере әженің үйіне барады)
Зере әже алдарынан шығып:
- Өркендерің өссін, талаптарың өрлей берсін деп қарсы алады
Төрлетіңдер балалар! (балалар әженің қасына барып отырады. осы кезде даладан бір бала сүйінші сұрап келеді)
- Сүйінші әже. Сүйінші! Кіші келініңіз босанды немерелі болдыңыз!
Зере әже: О, айналайын мә, сүйіншің жақсылық хабарың үшін міне батам
Өмірің ұзақ болсын өркенің өссін балам! Міне «құтты қонақ келсе қой егіз табады»,- деді атам қазақ. Балалар сендердің қадамдарың құтты болды, дүниеге немерем келді рахмет сендерге.
Тәрбиеші:Біз сізді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтағалы келген едік жақсылық хабардың үстінен түстік олай болса біздің де сізге сыйымыз бар. Олай болса айтыс өнерінің бір үзіндісін тамашалайық
Айтыс
Ақнұр:
Тәуелсіздік тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс-айтыс болады
Айтысқанда теңімен
Аяжан:
Айтыс айтыс болады
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен
Ақнұр:
Е-е-ей
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қоса алдың ба мән беріп
Қанша болды санап көр
Аяжан:
А-а-хау
Бірге төрт бес болады
Оны бәрі білетін
Сен дейсің бе саусағын
Санай алмай жүретін
Зере әже:
Ой, балалар өнерлерің өрге жүзсін! Мені бір қуантып тастадыңдар. Енді сендер менің немеремнің бесікке салу рәсімін көріп, тыштымасынан ауыз тиіп кетіңдер.
Зере әже:
Әкеліңдер немеремді
(Бесікке салу рәсімін көрсетеді)
Балалармен қосылып «бесік жырын» айтады
Әлди-әлди ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама бөпем жылама
Жілік шағып берейін
Ақ қоянның құйрығын
Жіпке тағып берейін
Жылама бөпем жылама
Зере әже:
Ой балапандарым, өте ақылды, өнерлі, мейрімді екенсіңдер. Мен сендерге бата беріп жіберейін
Әлемнің бетін жарық ет
Ұл-қызды түгел білімді ет
Ақылың ассын
Ықыласың тасысын
Балабақшаларыңа шаттық үйірілсін
Достарың көп болсын!
Тәрбиеші:
Зере әже сізге көп рахмет біз енді саяхатымызды аяқтаймыз
Әліде Зере әжейдің үйіне қонаққа келеміз ғой балалар жарай ма?
Келесі жолы «Тұсаукесер»тойына келеміз
Қане балалар Зере әжеймен қоштасайық
Балалар:
- Қош болыңыз әжей
- Сау болыңыз!
Дәстүр күні
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
March 4, 2024790 views

#тәуелсіздік#бала бақша#ашық оқу іс-әрекеті#дәстүр күні
Recommended
Moldir Mukan combines three family celebrations into one holiday
Moldir Mukan celebrated three family milestones: her daughters' university and school graduations and her son's circumcision. Shared memories of Astana and Nazarbayev.
12 min ago
Talented Duo: Zhiger Auybpaev and Wife, 15 Years Younger, Wow Fans (VIDEO)
Singer Zhiger Auybpaev shares video of his wife Mumina, 15 years younger, playing the dombra masterfully. The artist is stunned by her hidden talent, and social media users are thrilled.
12 min ago
Spain becomes first finalist of 2026 FIFA World Cup
Spain beats France 2-0 in the 2026 World Cup semifinal, becomes first finalist. Goals from Oyarzabal and Porro. Final on July 20 vs winner of England-Argentina.
32 min ago
← BackSource: bilimdiler.kz

