I. Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары
II. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Етістіктің шақ категориясы туралы мағлұмат беру: шақтың мағынаны білдіретін етістіктердің морфологиялық құрылымын ұғындыру.
ә) дамытушылық: Етістіктің қолданыстағы маңызын, қызметін аша түсетін жаттығулар арқылы оның күрделі, ауқымы кең сөз табы екеніне көз жеткізу, етістікті басқа сөз табымен байланыстыру.
б) тәрбиелік: Етістіктің іс жүзінде қолданылуын игеруге, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру. III. Сабақтың түрі: жаңа сабақ
IV. Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу.
V. Көрнекіліктер: «Етістіктің түрлері» кесте. СЛАЙД
VI. Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Білімді жан - жақты тексеру. (өтк. еске түсіру)
- Етістік дегеніміз не?
- Етістіктің ерекшелігі?
– Етістіктің мағыналық түрлері қандай?
IV. Жаңа мат. қаб. саналы белс. д.
- Балалар, бүгін етістіктің шақтары туралы. жаңа сабақ өтеміз. Сабақтың мақсаты – шақтық мағынаны білдіретін етіс - ң жасалу жолын (морфологиялық құрылымын білу.) Оңда етістіктерді басқа сөз табының сөздерімен байланыстырып, сөз тіркесін, сөйлем түрлерін құрастырып үйрену.
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Балалар, етістіктің қимыл іс - әрекетті білдіретіні белгілі. Бүгінгі сабақта осы қимыл, іс - әрекет белгілі кезеңде бір іске асатынына назар аударыңдар. Ал қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен н - е сөйлеп тұрған сәтімен айқындалады. Сөйлеп тұрған сәтпен бай - ты істелген қимылдың, іс - әрекеттің мезгілі, шақтық мағынасы мынадай болады:
1) үнемі қайталанып отыратын – дағдыға айналған іс - қимыл; сөйлеп тұрған сәтте болып жатқан іс - әрекет.
2) сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс - әрекет.
3) әлі болмаған, бірақ кейін болуға тиісті қимыл, іс - әрекет.
Мысалы: 1) Костя мен Митя таудың терістік жағын қарауылдап отыр.
2) Жау бізді өкшелеп қуып келеді. Енді оларға бір соққы беруге дайындалдық.
3) Дөңестен екі - үш метрдей ғана қашықтықта жауды күтеміз.
Етістік шақтарының өзіне тән белгілері:
- үш шақтың бірінде жіктеліп келеді. Бар - ар - сың, айт - пақ - сың.
- жіктік жалғауы күрд. етістіктердің құрамында көмекші етістікке жалғанады. Жазып отырған - быз, көмектесіп жіберерсіз - дер.
– Етіс - ң шақтары есімше, көсемше тұлғаларымен етістік түбірге – ды, - ді, - ты, - ті ж - е – мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек жұрн. ж. арқ. жасалады.
VI. Алған білімдерін тиянақтау.
122 - жат. Өлеңді мән. оқып, ақын суреттеген табиғаттың әсемдігін әңгімелеңдер. Етістіктерді теріп жазып, оларды қай шақты білдіретінін айтыңдар.
123 - жат. Үлгі бойынша орында.
«Шақ» жарысы грамматикалық ойын. (1, 2, 3, қ) Жаз, көмектес, айт, жүр, көр.
VII. Қорытындылау.
Біз бүгінгі сабағымызда етістіктердің шақтарымен таныстық. Сөйлеп тұрған сәтпен бай - ты қимылдың болу мезгілі үш түрлі болады екен. Сөйлеп тұрған сәтте болып жатқан қимылды осы шақ дейміз, әлі болмаған бірақ кейін болатын қимыл, іс - әрекетті келер шақ дейміз, ал сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимылды өткен шақ дейміз.
Үйге тапсырма: «Көшедегі қимыл әрекетті сипаттау».
Бағалау:
Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары
I. Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары
March 5, 20241175 views

#етістік#ашық сабақ қазақ тілі#етістіктің шақтары
Recommended
Dollar plunges after sharp rise in Kazakhstan
The dollar exchange rate in Kazakhstan fell by 7.45 tenge after a sharp rise. Find current quotes on the Kazakhstan Stock Exchange and at exchange offices nationwide.
9 min ago
Kazakhstan Heatwave Continues on July 15, with Storms in North and West
On July 15, Kazakhstan faces intense heat up to 43°C in the south, while northern and western regions experience rain and thunderstorms. Detailed city forecasts.
9 min ago
Shymkent heatwave: thermometers near 66°C as residents seek river relief
Shymkent endures extreme heat near 66°C. Health officials urge precautions; forecasters warn of continued heat. Thousands seek relief at Koshkar-Ata river.
29 min ago
← BackSource: bilimdiler.kz

