Филиппиннің батысындағы Палаван аралының жағалауында сәрсенбі күні түнде жолаушылар паромы өртеніп, кемінде бес адам қаза тапты, ал 80-нен астамы із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы Филиппин жағалау күзеті хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.
Жағалау күзетінің мәліметінше, Палавандағы Корон суларында «MV June Aster» кемесінен 43 адам құтқарылды. Тараған бейнежазбаларда кеменің бір бөлігін жалын шарпығаны және құтқарушылардың қаза тапқандарды қара қапқа салып жатқаны көрінеді.
Жағалау күзетінің өкілі, коммодор Ноэми Каябаб DZXL радиосына кеме тізімінде 117 жолаушы мен 17 экипаж мүшесі болғанын айтты.
Аман қалғандар мен қаза тапқандар санына қарағанда, 80-нен астам адамның тағдыры белгісіз болып отыр. Каябабтың сөзінше, құтқару жұмыстары жалғасып жатқандықтан, бұл деректер өзгеруі мүмкін.
Паром Маниладағы Басеко айлағынан шығып, Коронға бет алған. Өрттің себебі тергеліп жатыр.


