Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының алғашқы екі томы  чех тіліне аударылды, деп хабарлады  Чехия Республикасы мен Словакиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің баспасөз қызметі.

«Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының алғашқы екі томы: «Алмас қылыш» және «Жанталас»  чех тіліне аударылып, таныстырылды»,- делінген хабарламада.

Үшінші «Қаһар» кітабын Қазақстан Елшілігі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың желтоқсанында таныстырады. 

«Кітап чехиялықтар арасында қызығушылық тудырды. Олар трилогияның үшінші томын тағатсыздана күтуде», - деп жазылған хабарламада.