Иорданияның орталығындағы шіркеуде өткен жерлеу рәсіміне екі қарулы адам оқ жаудырды, салдарынан кемінде жеті адам қаза тапты деп хабарлайды infohub.kz сайты елдің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Жұма күні Карак губернаторлығындағы шіркеуде болған оқиға кезінде тағы 10 адам жарақат алды.

Атыс ашқандардың кім екені әзірге белгісіз. Олар көлікпен келіп, шіркеу ішінде оқ жаудырған соң оқиға орнынан қашып кеткен.

Қауіпсіздік күштері оқиға орнына жұмылдырылды, деп мәлімдеді үкімет өкілі Мұхаммед әл-Момани.

Бұл — жедел жаңалық, ақпарат толықтырылып отырады. Толық нұсқасын көру үшін бетті жаңартыңыз.