АҚШ-тың Луизиана штатындағы Жаңа Орлеан қаласында жүк кемесі айлақта тұрған круиздік кемемен соқтығысты. Круиздік кемеде 120-дан астам адам болған деген мәліметтер бар, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Куәгерлердің бейнежазбасында круиздік кеменің суға бата бастаған сәті және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан соқтығыс салдары көрсетілген.

Жаңа Орлеан мэрі Хелена Мореноның айтуынша, барлық жолаушының есебі алынған.