Оқушы шығармашылығы
Менің оқу құралдарым
Менің атым Толғанай. Мен екінші сыныпта оқимын. Мен өзімнің оқу құралдарымды таза ұстаймын. Әр оқушы өзінің оқу құралдарын таза ұстауға міндетті. Кітапты жыртпай ұқыпты ұстауымыз керек. Себебі кітаптың біз үшін берері көп. Біз сол кітаптан оқуды, жазуды үйреніп білімді боламыз. Сондықтан мен күнделікті сабағыма дайындалып жүремін. Сыныптағы озат оқушылардың бірімін. Менің әжем күнде сабақтан бестік баға алуымды тілейді. Мен әжемнің сөзін тыңдап, тілегін орындап күнде бестік баға алып келемін.
Білім керек бәріне
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ - демекші, үлкен бол, кіші бол барлық адамға оқу керек. Әсіресе мектеп жасындағы балаларға көп оқу керек. Мен де уақытымды ойынмен өткізбей көп оқуға, көп білуге тырысамын.
Шебер әже
Айман әжей бізге көрші тұрады. Ол кісі неше барсаңда іс тігіп отырады. Айман әжейдің үйінде неше түрлі тоқылған кілем, алаша, кесте, тұс киіз бар.
Мен барған сайын қызыға қараймын. Айман әжей маған іс тігудің қыры мен сырын үйретеді. Мен де үйренуге тырысамын. Айман әже неше түрлі жіптен сөмке тігеді. Айман әже маған және ініме қолғап пен мойын орағыш тоқып берді. Біз қуанып әжеге ризашылығымызды білдірдік. Айман әже біздің көшедегі ең шебер және ақкөңіл адам.
Мектебім
Мен Еркінқала мектебіне жаңадан келдім. Сыныптағы оқушылармен танысып, жаңа достар таптым. Маған бұл мектеп ұнады. Ол әдемі әрі үлкен мектеп екен. Мектепте ұстаздар көп екен. Бұл мектепте балалар екі мезгіл оқиды. Менің мектебімнің жанында балалар саз мектебі бар. Мен екінші сыныпты бітіргесін осы саз мектебінде оқығым келеді. Мектеп менің екінші үйім.
Менің оқу құралдарым (оқушы шығармашылығы)
Менің оқу құралдарым
March 5, 2024852 views

#мектебім#оқушы шығармашылығы#менің оқу құралдарым#шебер әжей
Recommended
‘Very Cautious Man’: Famous Comedian Talks About Meirambek Besbayev (Video)
Comedian Kanat Taskhan shares how singer Meirambek Besbayev acts at parties: he forbids filming, confiscates phones, and confronts hosts. Details on infohub.kz.
12 min ago
Turkish Court Orders International Arrest Warrant for Netanyahu on Genocide Charges
A Turkish court ordered an arrest warrant for Israeli PM Benjamin Netanyahu on genocide and crimes against humanity charges linked to the 'Sumud' flotilla.
32 min ago
Almaty LRT to launch by end of 2027
Almaty's LRT is set to launch by end of 2027. The first 18-km line connects Alatau district with city center and railway station, using battery-powered trains.
32 min ago
← BackSource: bilimdiler.kz

