Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сабақтың тақырыбы М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сілтеме Күнтізбелік жоспар, орта мерзімді жоспар, интернет желісі, оқулық.
Жалпы мақсаты: Сезіммен өлең өрген жыр пырағы - Мұқағали туралы деректерді пайдалана отырып, поэманың идеясы мен тақырыбын, көркем бейне, поэтикалық тілі туралы білімдерін кеңейту және поэма мазмұнын ұғындыру.
Оқыту нәтижесі Сыныпта бірлесе жұмыс жасауға үйренеді. Өзіндік сыни көзқарас қалыптасады.
Негізгі идеялар Өзіне - өзі есеп беру
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер АКТ, СТО стратегиясы, диалог, топтық жұмыс, миға шабуыл
Құрал – жабдықтар Интер белсенді тақта, бағалау бетшесі, кеспе қағаздар
Кезең Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
1 кезең
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
Амандасу, сабаққа дайындығын, оқу құралын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.
Өткен сабақтағы М. Мақатаев өмірі, шығармашылығына тоқталдық, Жаңа сабағымыз да М. Мақатаев шығармашылығына байланысты болғандықтан үй тапсырмасына шолу жасайық. Сендерге берілген үй тапсырмасы:
«Ақынның өмірін, өзіңе ұнаған өлеңдерін жатқа оқу, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқып келу. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын. Әр топ мүшелері үйге берілген тапсырмалар бойынша жауап береді.
Көрнекі құралдардағы және жеке оқушылардың сұрақтарына жауап береді.
2 кезең
Жаңа сабақ
Мағынаны ашу
Бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма “Аққулар ұйықтағанда»- ғажайып поэма.
Аққу қандай құс? Ол туралы қандай мақалдарды білеміз? Аққудан басқа қандай киелі құстарды білеміз?
Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.
Мұқағали: Қазақтың қара өлеңі - құдіреттім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген болатын. Бүгін сондай жыры «Сұмдық сыры бар» жыры «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан ой толғаймыз. Сыныптағы оқушыларды топқа бөлемін.
1 - тапсырма. «Сұмдық сыры бар» жыр
І. Жетімкөлдің аққулары...
ІІ. Бала - ана – аққу
ІІІ. Қасиетке оқ атқан ана қасіреті
ІҮ. Поэмадағы жылқышы қарттың ырым туралы айтқан сөзінде қандай мән бар?( Поэмадан тауып оқиды.)
2 - тапсырма Бес жолды өлең (1 - 2 топқа беріледі)
ДЕБАТ3 - 4 топқа беріледі Сұлулық АҚҚУ, зұлымдық АҚҚУды атуы, махаббат АНА махаббаты
3 - топ Поэманың өзектілігі - «Аққулар ұйықтағанда»- экологиялық тақырыптағы поэма
Дәлелдеуі (Топ тағы оқушылар өз ұстанымдарын қорғайды)
Дәйек сөздер 1. Көлдің сәні – аққулар.
2. Аққу киесі оңдырмайды.
4 - топ Поэманың өзектілігі - «Аққулар ұйықтағанда»- ананың баласына деген махаббатын суреттейтін поэма
Дәлелдеуі (Топ тағы оқушылар өз ұстанымдарын қорғайды)
Дәйек сөздер 1. Бәрі де адам үшін жаратылған.
2. Ана – махаббатымен құдіретті.
Оқушылар өздері аққу жайында білетін мәліметтерді және мақал - мәтелдерді ортаға салады.
Аққудан басқа киелі құстардың аттарын атайды.
Топқа бөлінеді
Оқушылар топпен бірге тапсырмаларын талқылап, өз ойларын қағаз бетіне түсіреді.
Екі топ өздерінің құрастырған бес жолды өлеңімен таныстырады.
Екінші екі топ өздерінің тапсырмаларын ауызша дәлеледемелер арқылы орындайды.
3 - кезең
Сабақты бекіту Ой толғаныс. Не білдік?
«Алты телпек» сыр шертеді
Қарасаз, қара шалғын, өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім! Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану
Бағалау Критерий қою арқылы бағалау, формативті бағалау, жиынтықты бағалау
Үйге тапсырма «Аққу - киелі құс» тақырыбында ойтолғау жазу және поэмадан өздеріне әсер еткен тұстарын жаттау
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Қазақ әдебиеті 8 сынып
March 5, 20242216 views

#семинар сабақ#мұқағали мақатаев аққулар ұйықтағанда поэмасы
Recommended
Dollar plunges after sharp rise in Kazakhstan
The dollar exchange rate in Kazakhstan fell by 7.45 tenge after a sharp rise. Find current quotes on the Kazakhstan Stock Exchange and at exchange offices nationwide.
10 min ago
Kazakhstan Heatwave Continues on July 15, with Storms in North and West
On July 15, Kazakhstan faces intense heat up to 43°C in the south, while northern and western regions experience rain and thunderstorms. Detailed city forecasts.
10 min ago
Shymkent heatwave: thermometers near 66°C as residents seek river relief
Shymkent endures extreme heat near 66°C. Health officials urge precautions; forecasters warn of continued heat. Thousands seek relief at Koshkar-Ata river.
30 min ago
← BackSource: bilimdiler.kz

