Перу Әуе күштерінің ұшқыштарымен бірге тікұшақ кабинасында отырған Папа Лев XIV-тің бейнесі әлеуметтік желіде тарады. Әскери құрылым бейнежазбаны жариялап, Рим Папасының сенбі күні ұшқыштар қатарында болғанын «зор құрмет әрі ұмытылмас естелік» деп атады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Латын Америкасына жасаған сапары аясында Папа жексенбі күні Анд тауларының оңтүстігінде орналасқан, бір кездері Инк империясының жүрегі болған Куско қаласына келді.

Онда ол ежелгі инк қамалына барды. Сол жерде діни дәстүрлер «бөлініс, жарақат, сенімсіздік» белгісіне айналған заманға қарсы тұруға көмектесе алатынын айтты. Оның пайымдауынша, сенім адамдарды біріктіріп, оларды «сенім мен сүйіспеншілік нұрында» тоғыстыруы тиіс.

Сапардың Перу бөлігі Рим Папасы үшін ерекше мәнге ие. Ол 1985 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта Перуде ұзақ уақыт тұрып қана қоймай, 2015 жылы сол елдің азаматтығын алған. Осылайша жергілікті қауымдастықтармен тығыз байланыс орнатқан.