Пластилинография әдісі
СЕМИНАР
Пластилинография – ермексаз арқылы сурет салу тәсілі. Бұл - бейнелеу қызметінің мүмкіндіктері көп ерекше түрі. Ол балаға көлемді игеруге, суретті бедерлі және тірі сияқты етіп жасауға мүмкіндік береді. Ерте жастан бастап бала ермексаз сияқты жұмсақ, иілгіш материалды біледі, бірақ әркім ермексаз арқылы сурет салуға болатынын біле бермейді. Пластилинография - бұл өте қарапайым және ерекше қабілеттілікті талап етпейтін техника.
1 кезең. Дайындық Бала алдындағы міндеттер: -
Басу тәсілін меңгеру.
Қысу тәсілін меңгеру.
Ермексазды саусақпен жаймалауды, тегістеуді меңгеру.
Саусақтың дұрыс қойылуын меңгеру.
Ермексаздың кішкентай бөлігін жұлып алу және екі саусақтың арасындағы шарды домалату тәсілдерін меңгеру.
Шектеулі кеңістікте жұмыс істеуді үйрену
№ 2 кезең. Негізгі Бала алдындағы міндеттер: -
Сурет контурынан шықпауды үйрену
Ермексаздың бірнеше түстерін пайдалануды үйрену.
Жұмыстың мәнерлілігі үшін, көмекші заттарды (сүйектер, қауырсындар және қолдана білу.)
Арнайы бедер басуды үйрену.
Істі аяғына дейін жеткізуді үйрену
Ұқыптылықты үйрену, өз жұмыстарын орындау
Басқа балалармен бірге ұжымдық композицияларды орындауды үйрену
Орындалатын әрекеттердің реттілігін қалпына келтіруді үйрену
Үлгі бойынша әрекет етуді үйрену
№3 кезең. Нәтиже, қорытынды кезеңінде
Баланың ұсақ қол моторикасы дамиды.
Шығармашылық қиялы артады.
Өзіне деген сенімділік пайда болады.
Жауапты болуға және жұмысты соңына дейін жасауды үйренеді.
Есіңізде болсын!
Бұл әдісте балаға жұмыс бергенде жас ерекшелігін ескеруіміз қажет күрделі жұмыс бала ынтасын жоғалтуы мүмкін.
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
"Қарлығаш" балабақшасы әдіскері
Наубаева Рысалды Даулетхановна
Пластилинография әдісі слайд жүктеу
Пластилинография әдісі
Пластилинография әдісі
March 5, 2024524 views

#пластилинография#ермексаз арқылы сурет салу тәсілі#баланың ұсақ қол моторикасын дамыту
Recommended
‘Very Cautious Man’: Famous Comedian Talks About Meirambek Besbayev (Video)
Comedian Kanat Taskhan shares how singer Meirambek Besbayev acts at parties: he forbids filming, confiscates phones, and confronts hosts. Details on infohub.kz.
11 min ago
Turkish Court Orders International Arrest Warrant for Netanyahu on Genocide Charges
A Turkish court ordered an arrest warrant for Israeli PM Benjamin Netanyahu on genocide and crimes against humanity charges linked to the 'Sumud' flotilla.
31 min ago
Almaty LRT to launch by end of 2027
Almaty's LRT is set to launch by end of 2027. The first 18-km line connects Alatau district with city center and railway station, using battery-powered trains.
31 min ago
← BackSource: bilimdiler.kz

