Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына жаңадан тағайындалған елші Әбілқайыр Сқақовты қабылдады. Кездесуде мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстанмен достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Президент жаңа елшіге екіжақты ынтымақтастықтың бірнеше басым бағыттары бойынша тапсырмалар берді. Атап айтқанда, көлік-транзит, энергетика, су ресурстары, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы өзара іс-қимылды дамытуға баса назар аударылды. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыру міндеті қойылды.